номия құқы мойындалды. Сондай-ақ синагогаларға,
иудей мазарларына залал тигізуге тыйым салынды.
Иудейлердің Тәуратпен ант қабылдауына, адалдап мал
бауыздауына рұқсат етілді
44
.
Мұсылман сеніміндегілерге келсек, Пиреней
түбегіндегі христиан мемлекеттерінде өмір сүрген
мүдеахарлардың (араб тілінде салық төлеушілер)
жағдайы ерекше назар аударарлық, кейде оларды
«маврлар» не «сарациндер» деп те атаған. Олардың та-
рихы Реконкиста алғашқы табысты нәтиже көрсеткен
Х ғасырдан бастау алып, соңы XVI ғасырда маврларды
Испаниядан қуумен аяқталады. Европа тарихындағы
діни төзімділік пен төзімсіздікті зерттеген М.С.
Стецкевичтің деректеріне сүйенсек, ХІ-XIV ғасырларда
реконкиста жағдайында христиан қол астына өткен
жерлердегі мұсылмандардың жағдайы тым мүшкіл еді.
Түбектің оңтүстігі мен Африкаға тек жағдайы көтерген
ықпалды маврлар ғана қаша алды. Ал қалып кеткендері
түгелдей Арагон патшасына бағынып, соның вассал-
дары ретінде қазынаға салық төлеуге мәжбүр болды.
Маврларға королдің некесіне, әскери жасақ үшін деген
секілді бір реттік салық түрлері де салынатын. Әсіресе,
Арагонада мұсылман мудеахарлар жағдайы королдің
арнайы грамотасы арқылы реттелді, оларға қорғау мен
қамқорлыққа алу қамтамасыз етілді. Осымен қатар
королдің ресми құжаттарында мұсылмандар жайлы
«Мұхаммедтің қауіпті сектасы», «Махумет пен шай-
тан сектасы» деген атаулар кездесті
45
. Бұл уақыттарда
жергілікті христиан тұрғындар, әсіресе қалалықтар
мен шіркеудің мұсылмандарға деген жеккөрушілігі
тым шектен шықты. Мұсылмандарға қарсы крест
44
Сонда. 72 б.
45
Стецкевич М. С. Религиозная толерантность и нетерпимость
в истории Европейской культуры. Санкт-Петербург. 2013. 74
б.
28
Діни толеранттылық: кеше және бүгін