Previous Page  34 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 52 Next Page
Page Background

заңның төрешісі ретінде ойшыл Христосты атады,

өйткені Христос болашақ өмірде марапат пен жаза

береді. Дінбасылар күштеуге бармастан еретиктерді

райынан қайтар алады, алайда оларға жазаны алдағы

өмірде керек деп тапса Христостың өзі анықтайды.

Марсилий еретиктер тек қоғамға қауіп төндіргенде

ғана зайырлы билік елден кетіру секілді жаза қолдана

алатынын, қолданатын шара адамдық аядан аспауын

жақтады. Дін заңы мен дін ісіне күштеу сиыспайтынын

айтты: «Азаматтардың құқы олардың қандай сенімді

ұстанатынына байланысты анықталмауы керек, және

де ешкім де дініне бола жазаланбауы тиіс»

54

. Ол діннің

есепке тарту, жазалау билігін мемлекетке беріп, тек

қана рухани істету жағын қолда ұстау қажеттігін,

басқаларға зиян тигізбесе болды, ойларын еркін ай-

туына жағдай жасау керектігін айтқан.

Толеранттылық ұғымы XV ғасырда неміс теологы

әрі философы Николай Кузанскийдің (1401-1464) «De

pace fidei» (Наным келісімі) еңбегінде философиялық

сипат иеленді. 1453 жылы мұсылмандардың Констан-

тинопольді азат етуінен кейін қолға алынған еңбекте

Кузанский бұл оқиғаның өзін қатты жабырқатқанын

кітабының басында былай деп білдірген: «Бұрынырақта

Константинополь аймағын көзбен көрген адам

ретінде соңғы жылдары түріктердің патшасының

озбырлықпен істеген ісі себепті Құдайға деген махаб-

батпен күйіп-жандым. Нәтиже ретінде қос дін (ислам

мен христиандық) арасындағы ғұрыптардың өзгешелігі

себепті қатаң түрде орын алған зұлымдықты тоқтату

үшін жан жүрегіммен жылап тұрып барлық нәрсенің

жаратушысы Тәңірге бет бұрдым»

55

.

54

Сонда. 77 б.

55

Айдын М. Динлерарасы диалог: махиет, илкелер ве

тартышмалар, Пынар йайынлары, Стамбул, 2008. 62 б.

34

Діни толеранттылық: кеше және бүгін