Previous Page  35 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 52 Next Page
Page Background

Байқалғандай, ол тәңірден христиандар мен

мұсылмандар арасында орын алған аяусыздықтарды

тоқтатуды сұрады. Осыдан келіп діндер арасында

түсіністік пен бейбітшілік орнату үшін өзге діннің

өкілдерімен ойша диалог құрастырды. Замандасы

Сеговалық Иаонның кеңесімен түрлі діни дәстүрге

ие он жеті хикмет иесі адамдардың қатысуымен

ойша көкте я жұмақта құрған мәжілісте бірқатар

теологиялық тақырыптарды талқылады. Оның тракта-

ты араб, түрік, иудей, парсы, үндіс, килдани, сириялық,

искиттік, татар, бохемиялық, армян, грек, неміс, фран-

цуз, ағылшын, италяндық және испаниялық өкілдердің

христиан дінінің өкілдері логос/сөз, апостолдар Петр

мен Павелге сұрақтар қойып, жауаптар алуға құрылды.

Сұрақтар бір құдай сенімі, үштік сенім, Құдайдың

Исаға даруы, Исаның пәк Мәриямнан дүниеге келуі,

шоқыну, тозақ, жұмақ, құтқарылу, шіркеудің басқа

да құпиялары, христиан сенімдері мен догмалары

төңірегінде өрбіді. Нәтижеде барлық діндердегі ортақ

ұғымдар айшықталды.

«Таласқа түскен тақырыптарды әрі оларға

берілген христиан сеніміндегі жауаптарды тұтас алып

қарағанда, Н. Кузансийдың көздегені христиан догма-

ларын теологиялық әрі философиялық түрде христи-

ан еместерге егжей-тегжейлі түсіндіру, христиандық

жайлы күмәнды кетіру, христиандықты жеңіл

қабылдауларына жағдай жасау екенін айта аламыз»

56

.

Ойша мәжілісте татар ұлтының өкілі діндер

арасындағы көртүрлілікті қалай бір түрге айналдыруға

болатынын сұрағанда, Павел бұл мәселеде сенімнің

маңызды рөл ойнайтынын білдірді. Павелдің ай-

туынша, діни ғұрыптар – сенімнің белгісі. Ғұрыптар

өзгергенмен сол арқылы туатын сенім еш өзгермейді.

Павел айтқан бұл ойды Н. Кузанский «түрлі ғұрыптар

56

Сонда. 64 б.

35

Діни толеранттылық: кеше және бүгін