Овян діни толеранттылықты позитивті және негатив-
ті деп екіге бөледі. Діни толеранттылықты позитивті
қабылдау білімділікті талап етіп, діни-конфессионал-
ды құндылықтар мен өзге сенім өкілдерін құрметтеуді
білдіреді. Негативті қабылдау болса, діни-конфесси-
оналды көзқарастар мен өзге дін өкілдерінің сенім
жүйесіне салғырт, бей-жай қарауды меңзейді. «Екі
жағдайда: өзге дін өкілін құрметтегенде я оған салғырт
қараған жағдайда да ол қоғамдағы тұрақтылық пен
түрлі діни конфессионалды топтардың бейбіт қатар
өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бірақ көбіне позитивті
қатынас артық тұрады. Негативті қатынас білімсіздік-
тен туатындықтан, кей жағдайларда ерте ме, кеш пе
төзімсіздікке соқтыруы мүмкін»
51
.
Орта ғасырдағы христиан әлемінің осы әсіре
төзімсіздігін айыптап, қарсы шыққан бірді-екілі жан-
дар болды. Соның алғашқысы Льеж (Бельгия) епи-
скобы Вазо болды. Ол 1051 жылы неміс патшасы ІІІ
Генрихтың Госларда көптеген Манишіл немесе катар-
ларды асқызғанына қарсы шығып, аластаумен ғана
шектелу пікірін жақтады. Дүниелік қылышқа жүгінуге
шіркеудің құқы жоқтығын мысалмен алға тартты
52
.
ХІІ ғасырда
Пьер ле Шантр,
Герхох Райхер-
сбергский секілді бірнеше адам еретиктерді жазала-
уды ұстаным ретінде қабылдағанмен, өлім жазасын
құптамады.
Қасиетті Томас басқа дін өкілдеріне толеранттылық
таныту керектігін алға тартқан. Өйткені олар әлі
ақиқатпен танысып үлгермегендіктен құтқарылу
мүмкіндіктері жоқ емес. Ал христиандықтан бетбұрған
51
Сиовариян А., Овян В. Религиозная толерантность в
современном обществе. Б. 84. «21-й век”, №1 (26), 2013 г.
52
Батухан Х. Батыда толеранс фикринин гелишмеси. Аныл
йайыневи. Стамбул. 1959. 183 б.
32
Діни толеранттылық: кеше және бүгін