Previous Page  30 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 52 Next Page
Page Background

үшін басқа діндердің көзін құртуды көздеген крест

жорықтары да осы кезеңдерге тән.

Кез-келген бөтен пікірді, наным-сенімді, ұстаным

мен көзқарастыжатырқау, бөтенсу «интолеранттылық»

ретінде белгілі. Бұл жағдай көбіне адамдар арасындағы

келіспеушіліктер мен дүрдараздықтарға, тоң-торыс

қатынастарға соқтыратыны мәлім. Адамзат тари-

хынан төзімсіздіктің мысалын көптеп кездестіреміз.

Түрлі соғыстар, діни қуғындаулар, идеологиялық

қарсылықтар, этникалық қақтығыстар т.б. Күнделікті

өмірде ол фанатизм, қорлық түрлерінде кездессе, мем-

лекеттік деңгейде нәсілдік кемсіту, дініне, ұлтына,

басқа да ерекшелігіне қарай шеттету, демократиялық

құқықтары мен еркіндігін бұзу арқылы көрініс та-

бады. Интолеранттылықтың адамға, қоғамға кесір-

лі екенін көптеген философтар да мойындаған. Атап

айтсақ, «Төзімсіздік – ақылдың әлсіздігі» (Пьер Бу-

аст), «Төзімсіздік – ардың тирандығы» (Адриан Де-

курсель), «Төзімсіздік көптеген ұлы ойларға кедергі

келтіреді» (Конфуций), «Төзімсіздікке батылың жету

үшін соншалықты күшті әрі соншалықты ақымақ болу

керек» (Вольтер). Мына сөз де Вольтерге тән екен-

дігі айтылады: «Мен сіздің пікіріңізге қосылмаймын,

алайда жеке пікір ретінде сол сөзді айта алуыңыз үшін

өмірімді құрбан етуге бармын».

Төзімсіздіктің алғаш рет дін саласында кездесуі өз

кезегінде діннің негізінде төзімсіздік бар ма деген сұрақ

тудырғаны да шындық. Мәселен, Джеймс Э. Вуд әр дін

ақиқатты өз бетінше таниды, өз танымын абсолютті

шындық деп білгендіктен басқалармен ымыраластыққа

бара алмайды, сондықтан да діннің өзегінде төзімсіздік

бар деген пікірді жақтап былай дейді: «Әр діннің түп

тамыры өзіндік тәжірибеге немесе қасиеттілікті сезуге

барып сүйенеді. Олардың айрықша жоғарғы мұраттары

мен шындықтары болады. Басқа діндермен төзімсіздігі

30

Діни толеранттылық: кеше және бүгін