жағдайда түрлі дінді ұстана алады. Ол көптүрліліктің
маңызына тоқталды. Ойшылдың қиялынан туған арал
тұрғындарының көпшілігі «бір құдайға сенеді, ол құдай
көрінбейді, мәңгілік, өлшеуге де түсіндіруге де келмей-
ді. Бірақ бұл құдайды әркім әр түрлі қабылдайды»
61
.
Утопия заңы бойынша, «әркім өзі ұнатқан дінді
таңдайды. Егер ол басқаларды өз сеніміне тартқысы
келсе, бұны тек бейбіт жолмен, дәлел-дәйек келтіру-
мен ғана жүзеге асыруы тиіс. Бұл тұрғыда аяусыздық
пен қатаңдыққа, күштеуге бара алмайды»
62
. Бұл заңды
бұзғандар құлдыққа айдалып не өлім жазасына кесілуі
тиіс болды. Бұл пікір орта ғасыр қараңғылығынан
енді арыла бастаған европа ренессансы үшін бір саты
жоғары айтылған ой ретінде саналып, кейіннен Спи-
ноза мен Вольтер секілді ойшылдар тарапынан, әсіресе
ХVIІІ ғасырда ой еркіндігін білдіру үшін жиі қозғалды.
Айталық, «Діни төзімділік туралы трактатында» (1763)
Вольтер фанатизмді айыптаушы әрі толеранттылықты
жақтаушы ретінде нақты бір дінді сынға алмай-
ды. Ол барлық діндердің түп негізі мейірімділік пен
қайырымдылық, тек бір- бірін құртып жатқан нәрсе
жалған сенімдер мен төзімсіздік деген пікір біл-
дірген. Вольтер барлық діндер өзін таныту құқына
ие, алайда адамдар бір нәрсе жайлы бірдей ойлауға
мәжбүр емес дей отырып, толеранттылықты діндер
мен халықтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың ара-
сын жарастырудың негізін құраушы жалпы құндылық
ретінде ретінде қабылдады
63
.
61
Мор Т. Утопия. М., 1953. 196-197 б.
62
Сонда. 196-197 б.
63
Пацукевич О.В. Эволюция представлений о пониятии
«толерантность» 72-73 Б. // Толерантность в современном
обществе: опыт междисциплинарных исследований :
сборник научных статей / под научн. ред. М.В. Новикова,
Н.В. Нижегородцевой. – Ярославль : Изд-во ЯГПУ, 2011. -
357 с.
38
Діни толеранттылық: кеше және бүгін