Previous Page  40 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 52 Next Page
Page Background

дері мен мемлекеттік құрылымдарының әркелкілігіне

қарамастан католиктер мен протестанттардың

теңдігін мойындады. Қақтығыстарды бейбіт жолмен

шешу, әскерилердің сот ісін де бейбіт бітіммен шешу

мәселелерін қарастырды. Европада жаңа тәртіп орнап,

халықаралық қатынастардың жаңа талаптарына жол

ашылды. Соғыстардың орасан зардабын саралаған

батыстықтар бұдан кейінгі уақытта толеранттылық

пікірін құп көре бастады. Танымал американдық со-

циолог Рэндолл Коллинздің ашық мойындағанындай,

«Діни төзімділік пен секуляризм христиандықтың

бір бағыты соны қалағандықтан емес, соғыстарда бір-

бірін қалжыратқан жағдайдан кейін пайда болды. Де-

эскалация жағдайы секілді діни үстемдік үшін күресті

жалғастыруға құрал түгесілген болатын»

65

.

ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. әлеуметтік-философияның жал-

пы дәстүрі мықты орталықтандырылған мемлекетті

қорғау болды. Осыдан келіп толеранттықты саяси ули-

таризм көзқарасы тұрғысынан талдау қажеттілігі тура-

лы, сондай-ақ бұл әлеуметтік әрекеттің мүмкіндігінің

шектеулілігі туралы түсінік орын алды.

Толеранттылық тарихында XVII ғасырдағы

ағылшын тарихының Кромвель кезеңі басты кезең

болды. Бұл уақытта король Карл І басқарған англикан

шіркеуі мен пуритандар (пуритандар англикан шір-

кеуін католиктік діни ғұрып қалдықтарынан тазарту-

ды жақтады) арасында соғыс шықты. Король католик

ғұрыптарын тазартуға құлықтық танытпады, тіпті

өз күресінде католиктік елдерге арқа сүйеді. Бүкіл

қол астындағы өзге сенім түрлеріне тыйым салып,

«бірыңғай сенім» реформасын жүргізіп, барлығын

65

Коллинз Р. Социология философий: глобальная теория

интеллектуального изменения. (Пер. с англ. Н.С.Розова и

Ю.Б.Вертгейм). Новосибирск. Сибирский хронограф. 2002.

771 б.

40

Діни толеранттылық: кеше және бүгін