Previous Page  39 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 52 Next Page
Page Background

XVI ғасырдан бастап, төзімді қатынастардың

философиялық ұстанымдары діни саладан гөрі мем-

лекеттік саясатқа ойыса бастады. Әсіресе заңдық,

саяси құжаттарда шенеуніктерге діни азшылық

топтарға толеранттылықпен қарауды талап етіп, адам

құқықтары мен бостандығын бекіте түсті. Жаңа дәуір

кезеңінде толеранттылық мәселесі екі сұраққа жауап

іздеді: біріншісі, бір-бірімен бәсекелес шіркеулер ендігі

жерде қандай ұстанымдар негізінде қатар өмір сүре

алады. Екіншісі, мемлекеттің зайырлы жүйесі мен діни

биліктің ара қатынасы қалай реттелуі керек.

Толеранттылық ұғымының тууына протестант-

тықтың пайда болуы әрі басқа ағымдармен күресі

түрткі болды. Бұл уақыттарда Германияда католиктер

мен протестанттар арасында діни қақтығыс белең алып,

ол кейіннен Европадағы Габсбургтер әулетінің билігі-

не қарсы сипат алған отыз жылдық соғыстарға (1618-

1648) ұласты. Тарихшы-медиевист Б.Ф. Поршневаның

айтуынша, «орта ғасырға дейінгі дәуірде адам бала-

сы ешқашан дәл осы отыз жылдық соғыстардағыдай

қорлық көрген емес. Осы уақыт аралығында кәрі буын

немістер қырылып үлгерді, орнына әлеуметтік пси-

хологиясы мүлдем жаңа, басқалар келді. Осы себепті

жаңа буындарында кейінгі көп уақыттар бойы көрініс

берген кейбір ұлттық-психологиялық белгілер қалып

қойды»

64

.

Отыз жылдық соғыстардан кейін Вестфаль

келісіміне (1648 ж.) қол қойылды. Вестфаль келісімі

мемлекеттік деңгейде көрсетілген толеранттылықтың

үлгісін байқатты, аяусыз діни соғыстарға нүкте қойды.

Бұл келісімде европа елдері өкілдері наным-сенім-

64

Толерантность и культура межнационального общения.

Учебно-методическое пособие (для студентов высших

учебных заведений) – Краснодар: Просвещение-Юг, 2009. –

307 с. 32 Б.

39

Діни толеранттылық: кеше және бүгін