атқаруы тиіс болатын. Сондай-ақ интолеранттылық
кесірін тигізбеуі тиіс адамзаттық құндылықтарға
өмір, азаттық, денсаулық, жер, ақша, мүлік секілді
сырттайғы заттар жатты. Күш көрсетудің белең ала ба-
стауы Дж. Локқа төзімділік туралы ой салғаны анық.
Өйткені төзімділік әділетттілікті сақтауды қамтамасыз
етуі тиіс еді. Осы себепті ол оның шегін белгілеуге
назар аудартты. Бұл бұзылған жағдайда мемлекет те
өзінің төзімділік ұстанымы шеңберінде жаза беруі тиіс.
Францияда 1598 жылы француз королі Ген-
рих IV қол қойған Нант эдикті француз протестант
гугеноттарға толеранттылық мүмкіндігін беріп,
азаматтық және діни құқықтарын анықтады. Діни ер-
кіндік беріп, қарулы жасақтар мен діни қызметкерлер
ұстау үшін мемлекет оларға субсидия да бөлді. Бұл
келісім 1665 жылға дейін толық күшін сақтағанмен,
биліктегі католиктер кейіннен протестанттарды қайта
қудалауларын бастады. Келісім 14 Людовик билігі
кезінде діни бөлінушілік патшалыққа кесір тигізуі
мүмкін деген үреймен 1685 жылы 18 қазанда толықтай
күшін жойды, бірақ толеранттылық жайлы талас тар-
тыстар Француз революциясына дейін жалғасты.
Алайда 1787 жылы протестанттарға, ал 1784 иудейлер-
ге азаматтық құқықтары қайтарылды.
Толеранттылықтың сөз еркіндігі, ар-ұждан
бостандығы ретінде дамыған идеясы Ұлы Француз
революциясының маңызды саяси құқықтық актісін-
де көрініс тауып, 1789 жылы Францияның Құрылтай
Кеңесі қабылдаған «Адам және азамат құқығы Декла-
рациясында» бекітілді. Декларацияның кіріспесінде
еркіндік сөзіне басқаларға зиянын тигізбейтін барлық
нәрсені жасау мүмкіндігі ретінде анықтама берілді.
Әр адамға тән жеке құқықтың шегі басқаларға да тән
құқықтармен қатар теңестірілді.
ХІХ ғасырда толеранттылық либералды филосо-
фияда ширатыла түсті. Бұл кезеңдерде ол ішкі және
45
Діни толеранттылық: кеше және бүгін