8) Жалпы мәселелерді шешудегі ынтымақтастық
пен ниеттестік;
9) этникааралық, нәсіларалық, жынысаралық
салаларға қатысты позитивті лексика
74
.
1995жылы16ҚарашадаЮНЕСКО«Толеранттылық
принциптерінің Декларациясы» атты халықаралық
құжатқабылдады.ОсыДекларацияда толеранттылыққа
мынандай нақты анықтама берілді:
«
Толеранттылық
– құрметтеуді, мәдениеттер
көптүрлілігін қабылдау мен дұрыс түсіну, өзін
түсіндіре алу формасы, адамға тән жеке ерек-
шелікті көрсетуді білдіреді.
Толеранттылық
– білімділікті, ашықтықты, тіл
табысу мен ой, ар, наным-сенім еркіндігін біл-
діреді.
Толеранттылық
– бұл көптүрлілік ішіндегі же-
келік. Бұл моралды борыш қана емес, ол саяси
әрі құқықтық қажеттілік.
Толеранттылық
– бұл бейбітшілікке қол жеткізу
талпыныстары, соғыс мәдениетінен бітімгер-
шілік мәдиетіне ойысу.
Толеранттылық
– кейін шегіну я ұтылу емес, ол
кеңпейілділік. Бәрінен бұрын ол адам еркіндігі
мен құқығының әмбебаптығын қабылдау не-
гізіндегі белсенді қатынас»
75
ЮНЕСКО-ның бұндай қадамға баруы соңғы
уақыттарда жиілеп кеткен төзімсіздік, күш көрсету,
терроризм, ксенофобия, агрессивті ұлтшылдық,
нәсілшілдік, антисемитизм, діни партикуляризм,
74
Жить в мире с собой и другими. Тренинг толерантности для
подростков. Составители: Солдатова Г.У., Шайгерова Л.А.,
Шарова О.Д. Дереккөзі:
http://www.tolerance.ru/Git-v-mire.php?PrPage=Master
Қаралған уақыты: 11.04. 2014.
75
Декларация
принципов
толерантности.
Утверждена
резолюцией 5.61 Генеральной конференции ЮНЕСКО от 16
ноября 1995 года. Преамбула.
48
Діни толеранттылық: кеше және бүгін