Previous Page  41 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 52 Next Page
Page Background

Англикан шіркеуінің заңдарына бағындырғысы келді.

Бұдан басқа да себептер жинала келе парламент ко-

рольге қарсы шықты. Осы кезде корольге қарсы Оли-

вер Кромвель басқарған басқа топ индепенденттер

(ағылшын пуритандарының сол бағыты) де күш бірік-

тірді. Ағылшын революциясының көсемі Кромвель

(1599-1658ж.ж.) әскерінің құрамы көптеген пуритандық

секталардан тұрды. Олардың арасында индепенттер

мен левеллерлер (ағылшын буржазиялық револю-

ция кезеңіндегі радикалды саяси партия 17 ғ.) еркін-

дік пен төзімділікке ерекше ынталық байқатты. Олар

әрбір наным өкілдерінің барлығын тең көру, біріне

бола екінші бір сенімді тұқыртудың қажет еместігін

жақтады. Кромвель кезеңіндегі толеранттылықты

белсенді жақтағандардың бірі Джон Солтмарштың

айтқан мынандай сөзі бар: «Әзірге біздің көңіліміз

тұмшаланып тұрғандықтан сендердің дәлелдерің бізге,

біздің дәлелдеріміз сендерге қараңғы болып тұр. Құдай

көзімізді ашпайынша бәріміз меңіреу қалыптамыз.

Сондықтан әркім бір-бірімізге құрметпен қарайық.

Ақырын Құдай білер»

66

.

Бұл діни секталар арасындағы алғашқы келісім.

Конфессиялардың бұндай түсінігі өзара діни

толеранттылыққа, діни ғұрыптарды еркін атқаруға,

сенім бостандығына негізделе бастады. Артынша

адамның сенім бостандығына құқықтық кепілдік

көрсетуге қадамдар жасала бастады.

1660 жылы Англияда Карл ІІ Бреда декларациясын

жариялады. Бұнда ол болашақ бағыныштыларға өткен

жауығуды ұмытып, толерантты қатынаста болуға

үндеу тастады: «Қазіргі кездегі құштарлықтар мен

ашу-ызалар діндегі келіспеушіліктерге түрткі болуда.

66

Толерантность атауы.

http://www.krugosvet.ru/enc/gumanitar-

nye_nauki/filosofiya/TOLERANTNOST.html Қаралған уақыты:

11.04.2014.

41

Діни толеранттылық: кеше және бүгін