380 жылы христиандықты ресми мемлекеттік дін
ретінде жариялаған Рим империясы өз құрамындағы
халықтардың жері ортақ болғандықтан, наным-сенімін
де ортақ ету дәстүрін христиандықты қабылдағанннан
кейін де жалғастыра берді. Бір қызығы, христиандық
діні мемлекеттік дәрежеге көтерілгеннен кейін өзге
пұтшылдық (язычество) сенімдерге толеранттылық
танытпады. Өйткені христиандық кезеңінде бұрыннан
келе жатқан пұтшылдық сенімдерге тыйым салынды.
325 жылғы Никей соборында христиандықтан бас
тарту, басқа діни бағыттар құру азаматтық қылмыс
саналып, батыста төзімсіздіктің бастау алуына негіз
қалаған
31
. Бұл кезеңде өзге сенім өкілдеріне әр түрлі
жаза белгілене бастады.
Орта ғасыр батыста христиандықтың үстемдік
етумен ерекшеленді. Әсіресе, А. Августиннен (354-
430 жж.) кейінгі кезеңде Католик шіркеуі өз билігін
шектеп, беделіне нұқсан келтіретін идеялармен
күрес жүргізді. Ой еркіндігін жақтаған ойшылдар
қудаланды. Мәселен, Француз теологы әрі ойшылы
П. Абеляр (1079-1142) сенім үшін сананы шарт деп
қабылдады. Ойшыл еркін ойлау адамның жеке құқы
деген көзқарасты жақтады. Жоғары деңгейдегі өнегелі
құндылықтар Евангелияда қамтылған, алайда одан ха-
барсыз өзінің түсінік, пайымымен өмір сүріп жүрген
жандарды күнәкарларға жатқызбау керектігін батыл
айтты. Бұл бір жағы христиандықтан өзге діндегілердің
де сана иесі екенін көрсетті. Абеляр «Философ, иудей,
христиан арасындағы диалог» атты еңбегінде осы
ойын жеткізіп, «ешбір ілім ақиқатты қамтымайтындай
дәрежеде жалған бола алмайды» деді
32
. Абеялардың
теологиялық көзқарастары шіркеудің Суассон (1121)
31
Батухан Х. Батыда толеранс фикринин гелишмеси. Аныл
йайыневи. Стамбул. 1959. 163 б.
32
Абеялар П. История моих бедствий. М., 1959. 97 б.
23
Діни толеранттылық: кеше және бүгін