Previous Page  22 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 52 Next Page
Page Background

ды. Діни төзімділік жайлы осы жарлықтан кейін көп

өтпей қатты аурудан Галерий қайтыс болды

29

.

313 жылы жарияланған Милан эдикті болса,

алдыңғы Галерий эдиктінің ұстанымдарын нықтай

түсті. Милан эдикті Константин мен Лициний импе-

раторлар арасында жасалды. Оның нәтижесінде мем-

лекет билігінің заңды бұйрығымен христиан наным-

сенімі мен культі заңдастырылды. Милан эдикті культ

таңдау еркіндігі мен дін таңдау еркіндігін қамтамасыз

етті: «Көптен бері құдайға құрмет жасау еркіндігін

қыспаққа алмауды ойластыра келе, қайта дербес

ықтиярымен әркімнің ақылы мен еркіне құдайлық

нәрселермен айналысуды ұсына отырып, біз барлық

дін өкілдеріне, соның арасында христиандарға да өз

сенімдері мен құдайға құлшылық дәстүрін сақтауға

жарлық шығардық»

30

.

Осы тұрғыдан Милан эдиктінің мемлекет пен шір-

кеу арасындағы толеранттылық қатынастың орнауына

бастама болып, батыстағы толеранттылық пікірінің

өріс алуында алғашқы саяси құқықтық негіз қалағанын

айта аламыз.

323жылыжариялағанРимимпериясындажарлыққа

сәйкес христиандарды пұтқа табынушылардың

ғұрыптарына қатысуға мәжбүрлемеу керектігі айтыл-

ды. Рим империясындағы христиандардың құқықтық

статусының түбегейлі өзгеріп, діни төзімділіктің өріс

алуына осы екі құжаттың рөлі зор болды.

29

Медиоланский (Миланский) эдикт. Дерек көзі: // http://

www.archivarium.ru/drevniy-rim/86-mediolanskiy-edikt.html

Қаралған уақыты: 11.04.2014.

30

Савич И. А. Политико-правовая основа толерантных

отношений в истории западных государств IV-XVIII вв.

76 б. //Толерантность в современном обществе: опыт

междисциплинарных исследований: сборник научных статей

/ под научн. ред. М.В. Новикова, Н.В. Нижегородцевой. –

Ярославль : Изд-во ЯГПУ, 2011. - 357 с.

22

Діни толеранттылық: кеше және бүгін