Previous Page  17 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 52 Next Page
Page Background

анағұрлым толеранттылық ерекшелік байқатқан.

Бұл кезеңдегі толеранттылықтың ерекшелігі бөтен

құдайлар мен мәдениетке төзіммен қарауды білдірді.

Рим авторлары tolerantia сөзін өте сирек қолданған.

Алайда «төзімділік» деген мағынада patientia (шыдам)

сөзіне көбірек жүгінген. Цицерон өз шығармаларында

мәселен patientia сөзі 48 рет қолданса, ал tolerantia

сөзін бір-ақ мәрте, intolerantia сөзін екі-ақ мәрте

қолданған. Оның ұғымында tolerantia сөзі пенделік

істерге (tolerantia rerum humanum) шыдамдылық та-

ныта білген данышпан кісінің ішкі жай-күйі ретінде

қабылданған. Ол іntolerantia cөзін қазіргі біз түсініп

жүрген «төзімсіздік» мағынасында емес, «ұнамсыздық,

жақтамаушылық» ретінде қабылдаған. Осы екі сөзге

қатысты Исидор Севильский еңбектерінде мынан-

дай өзгеше пікір кездеседі. Ол толеранттылықты –

жанға, ал төзімділікті – денеге қатыстыра қараған.

Яғни толеранттылық шыдамдылықты, ал төзімділік

ауыртпашылық тартуды білдірген

22

.

Ресей зерттеушісі Н.В. Круглованың айтуын-

ша, толеранттылық туралы алғашқы ойлар адам-

зат қоғамының дамуымен, әсіресе, мәдениет

эволюциясының

белгісі

болып

табылатын

скептикалық идеялардың пайда болуымен туындаған.

Оның пайымдауынша, скептицизмнің кең тарауына

қоғамдағы мәдени, діни, философиялық плюрализм

түрткі болған. Толеранттылық идеяның қалыптасуын

қарастыру міне солардан бастау алады

23

.

22

Толерантность и культура межнационального общения.

Учебно методическое пособие. «Просвещение Юг».

Краснодар, 2009. Авт. Колл. – 307 c. 118 б.

23

Круглова Н. В. Виртуальность и реальность толерантности/

Н.В. Круглова//Виртуальное пространство культуры:

материалы научной конференции 11-13 апреля 2000 г. – СПб.:

Санкт-Петербургское философское общество, 2000. – 18-21

б.

17

Діни толеранттылық: кеше және бүгін