Діни толеранттылық және
әлемдік діндер
(буддизм, христиан, ислам)
Діни төзімділік пікірі политеистік дәуірде
анағұрлым еркіндік байқатқан. Көне Грекия мен Рим
императорлығы көпқұдайшыл жүйеде болғандықтан,
олар қатаң теoлогиялық ұстанымтарға сүйенбейтін
әрі сенімдерінің шеңберін айқындап тұрған қасиетті
мәтіндері де жоқ еді. Олардың сенім жүйесінде
құдайлар өлмейтіндігі болмаса адамдардағыдай
қасиеттерге ие еді. Сондықтан адамдағы кемшілік-
терді құдайларға таңу ешқандай да сөкеттік болып
табылмаған. Құдайлардың мифтік ерекшеліктері
олар туралы әртүрлі түсініктерге еркін жол ашатын.
М. Кранстонның айтқанындай, «көп құдайшылдық
мойындалған жерде әр түрлі көптеген догмалардың
бар екендігі де мойындалады»
1
.
Монотеистік сенімде болса, құдай адамдардың
әлемінен тыс, өзіне тән ерекшеліктері де тым бөлек
қарастырылады. Бұған қоса, қасиетті мәтіндер, до-
гмалар арқылы құдай туралы түсініктік шеңбері бел-
гіленген. Осы себепті құдайдың сипаттамасын әркім өз
бетінше қабылдауына жол берілмеген.
Бұл кітапшаның мақсаты будда, христиан, ис-
лам діндеріндегі толеранттылық идеяларды ашу
болғандықтан, ендігі жерде бұлардың әрбіріне жеке-
жеке тоқтала кеткен орынды. Бұл діндер буддизм, хри-
стиан, ислам әлемдік діндер қатарына жатады.
Буддизм – б.з.д. VI ғасырда пайда болған, бүгінгі
күні 500 миллионға жуық ұстанушысы бар әлемдік
дін. Алғаш Үндістаннан бастау алған бұл дін кейін-
1
М. Кранстон. Toleration. Encyclopedia of Philosophy, Paul
Edwards (eds.), Vol. 7-8, The MacMillan C.& Free Pr., NewYork,
1972, Б. 144.
3