Previous Page  5 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 40 Next Page
Page Background

өлтірмеу, ұрламау, ойнастыққа бармау, өтірік айтпау

және мас қылатын ішімдіктерді ішпеу. Ал будда мо-

нахтары болса, осыларға қосып тағы бес қағиданы

мүлтіксіз атқаруға міндеттеледі: белгіленбеген уақытта

тамақтанбау; биге, әнге, музыка мен қойылымдарға

қатыспау; сәндік әшекей бұйымдар тағынбау; кең,

жайлы төсекте жатпау; алтын мен күмісті қолданбау.

Буддизмді тарихи философиялық тұрғыдан зертте-

ген неміс психологы әрі философы Карл Ясперс (1883-

1969) будданың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін

бағалап былай деген: «Бұл – сондай бір таңғаларлық

жан-тәніңмен берілу, дүниенің қызығынан баз кешу

қабілеті. Буддаға тән махаббат – ол әмбебап аяушылық

пен тірі жандының бәріне қуаныш сыйлау. Бұл –

күш көрсетпеу. Буддизм күш көрсетуді, еретиктерді

қудалауды, инквизиция мен крест жорықтары дегеннің

не екенін білмеген әлемдік діндер арасындағы бірден-

бір дін»

4

.

Буддизм өзге сенім өкілдеріне кең көзқараспен

қарайды. Бұл Будданың әр түрлі адамдарға өз ілімін

әр түрлі әдістермен жеткізуімен байланыстырыла

түсіндіріледі. Сондықтан буддистер әлемдегі көп сенім

түрлерін қалыпты құбылыс ретінде қабылдайды.

Мәселен, Далай-лама 1986 жылы Италия қаласы Асси-

зияда көп конфессия өкілдері қатысқан жиында Рим па-

пасымен бірге отырды, тіпті бірінші болып сөз сөйледі.

«Ешкімге таңбау керек» атты мақалада буддистердің

рухани көсемі ХІV Далай-лама бұл ойды былай деп

түсіндірген:

«Будда өз шәкірттеріне әр түрлі философиялық

көзқарастарды, түрлі тәжірибелерді үйреткен. Осы

себепті оның шәкірттері арасында өзіне тән ерек-

шеліктерімен дараланғандары да болған. Сондықтан

Будда ешқашан бір ғана әдіспен үйретпеген. Шәкірт

4

Jaspers K. Buddha//In: Jaspers K. Dia massgenbenden Menschen.

Muenchen,Zuerich;R.Pipper&Co.Verlag. 1964, 1975. (8.Aufl.1984.)

5

Діни толеранттылық және әлемдік діндер