Previous Page  6 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 40 Next Page
Page Background

өзіне лайық келетін тәсілді өзі анықтаған. Осын-

дай кең көзқарастың арқасында басқа діндерге деген

құрмет сезімі қалыптасқан. Мәселен, мен буддистпін.

Құдай жаратты деген түсінікті қабылдамаймын, алай-

да өзегінде Жаратушыға деген сенім бар діндерге

құрметпен қараймын. Психологиялық бейімдеушілігі-

не қарай кейбіреулер Құдай жаратты деген түсінікке

жақын тұруы мүмкін. Ондай адамдар сол ілімді на-

сихаттайтын діндерді ұстансын. Басқа біреулерге

айналамыздағы барлық құбылыстар мен жағдаяттар

біздің тікелей іс-әрекетімізге байланысты деген

түсінік жақын келуі мүмкін. Олар карма заңы бойын-

ша басқаларға залал келтірмеу арқылы өздерінің іс-

әрекеттерін дұрыстауға көңіл бөлсін. Ал енді біреулер

ешқандай діни дүниетанымды қабылдағысы келмесе,

мейлі атеист болып қала берсін. Тек адал, басқаларға

қамқор адам болып қалса болды»

5

.

Әсіресе,

үнді

буддистерінің

арасында

толеранттылық діни идеал болып табылды. Буддиз-

мді таратушы патша Ашока өзінің жарлығында бы-

лай деп мәлімдеген: «Өзге сенімді құрметтеген жөн.

Сонда (адам) өз сенімін жеңісті етуге жол ашады, өзге

сенімдегілерге де қолдау білдіреді. Кері жағдайда

ол өз сенімінің түбіне балта шауып, өзгенікін де

оңдырмайды»

6

.

Буддизм тарихын зерттеуші ресейлік ғалым В. П

Андросовтың айтуынша, Будда өзге дін өкілдеріне

діни төзімділікпен қарауға шақырған. Сондай-ақ ол

әлі ақыл толыстырмаған әрі өздігінен тәлімгердің

алдына келмеген жандарға өзінің ілімін күштеп

5

Далай-лама XIV, духовный лидер буддистов. Не надо

привязываться. Дереккөзі:

http://www.vz.ru/opinions/2014/

1/31/670018.html

. Қаралған уақыты: 23.06.2014.

6

Андросов В. П.

Будда Шакьямуни и индийский буддизм. Сов-

ременное истолкование древних текстов. – М.:

Издательская

фирма «Восточная литература» РАН

, 2001. – 508 с. 194 Б.

6

Діни толеранттылық және әлемдік діндер