Previous Page  7 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 40 Next Page
Page Background

үйретпеген. Будданың түсінігінше, әр ізденуші руха-

ниятты жеке өзі ізденуіне құқылы

7

. Сондықтан буд-

дизмдегі толеранттылықты зерттеген ғалымдар көбіне

буддизмнің өз ілімін күштеп таратпауға мән беретіні-

не тоқталған. Буддизмнің өзге мәдениеттерге енуі

күштеусіз әрі бірте-бірте жүзеге асқан

8

.

Буддизмде «күш көрсетпеу» ережесі «Ахимса» деп

аталады. Ахимса (немесе ахинса) санскрит тілінде (күш

көрсетпеу) деген мағынаны білдіреді. Ол физикалық,

ментальді, эмоционалды әрі моралдық тұрғыдан еш-

кімге залал келтірмеу деген сөз. Оны былай сипаттауға

болады: «тірі жандының ешбіріне зиян келтіруге бол-

майды, өйткені әрбірінің нәзік жаны бар. Әрбірі қайта

түлеп, түрленудің жолында, сондықтан оның өмірлік

түрленуін оқыс үзу осы айналымға кесір тигізеді,

күш қолданған адамның кармасына да кері әсер етуі

мүмкін»

9

.

Буддисттер ахимсаны ұстана отырып, ешбір тір-

шілік иелеріне залал келтірмеуге жауапты болумен

қатар, ет жемейді, есірткі қолданбайды, у жасамай-

ды, қару-жарақ дайындамайды, бұған қоса, қиналған

адамдарға көмек беруге тырысады

10

. Ашвагхоша

секілді будда ойшылдары ахимсаның маңыздылығын

түсіндіре отырып, мынаны айтуда: «адам үшін

өзінен маңызды еш нәрсе жоқ, бірақ дәл осы қатынас

басқаларға да қатысты. Яғни адам басқалардан артық

маңызды бола отырып оларға зиян тигізбеуі тиіс». Үнді

пәлсапасында адам барлық затпен теңдей қатынаста,

7

Сонда. 29 б.

8

Ермакова Т. В., Островская Е. П. Классический буддизм. –

СПб.:

Азбука-классика

;

Петербургское Востоковедение

,

2004. – 256 с. – (Мир Востока). 248 б.

9

Ситаров В. А. Насилие и ненасилие. Б. 138. Энциклопедия

гуманитарных наук. №1.2005.

10

Осман Ж. Динлер ве инсанлар. Дамламат йайыневи. 1990.

308. 138 б.

7

Діни толеранттылық және әлемдік діндер