Previous Page  13 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 40 Next Page
Page Background

жиі насихаттайды. Сондықтан да Буддизмде «Кару-

на» (аяушылық) мен «Майтри» (достық пейіл таныту)

ұғымдарының орны ерекше. Будда данышпандарының

бірі «Өзіме жақсылық тілеп, өзімді жақсы көргенім

секілді басқаларға да осы қатысты, олар да қуанышқа

кенелсін» деген сөзіменшынайы «майтриді» көрсеткен.

Санскрит пен пали тілдерінде төзімділікке жақын

тағы бір ұғым бар, ол – «сорача» (қарапайымдылық).

Будда төзімділік пен қарапайымдыққа адамды

сұлу қылатын қасиеттер, әдеміліктің дхармасы деп

қарастырғандықтан, Буддизмде бұл мінездерге ерек-

ше мән беріледі. Монахтардың бір киіммен ғана өмір

сүріп, белгілі бір уақытта ғана тамақтанып, қатты

төсекке жатып, жұрттан арланбай қайыр сұрап күнелту

секілді т.б. тәжірибелерін осы ұғыммен байланыстыра

түсінген жөн. «Қарапайымдылық – өзіңді ұсақ сезіну

емес. Ол үлкен даналықты қажет етеді. Керек кезінде

адамдарға үйрету, керек кезде айту»

21

.

Далай лама XIV буддизмдегі моралды былай деп

жіктеп көрсетуде:

1) үш түрлі физикалық күнә бар: өлтіру (ұсақ

жәндіктен адамға дейін), ұрлық, ойнас;

2) тілдің төрт күнәсі (өтірік айту, былапыттық,

дөрекілік, боссөздік);

3) ақылдың үш күнәсі (қызғаныш, жаман пиғыл,

адасу)

22

.

Бұл жердегі еш нәрсені өлтірмеу, ешкімге жаман сөз

айтпау, ешкімге жаман пиғыл көздемеу ұстанымдары

арқылы буддизмдегі бейбіт адамның келбетін байқауға

болады.

21

Хемапандх П. Ч. Терпение и скромность. Дереккөзі: http://

www.buddharussia.org/?p=115

Қаралған уақыты: 11.04.2014.

22

Этический аспект буддизма. Дереккөзі:

http://uchebnikionline.

ru/religiovedenie/istoriya_religiy_-_lubskiy_vi/etichniy_aspekt_

buddizmu.htm

Қаралған уақыты: 11.04.2014.

13

Діни толеранттылық және әлемдік діндер