Previous Page  17 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 40 Next Page
Page Background

қоғамның либералды шеңберінде пайда болғандықтан,

христиандықтағы төзімділік түсінігімен ешқандай да

сәйкеспейді. Мәселен, күнәға қалай қарауда ол айқын

байқалады. Христиан төзімділігінің негізі «Күнәһарды

жақсы көр, күнәні жек көр» түсінігі, ал толеранттылық

«басқалардың күнәлі істері мен азғындығына көз

жұмып қарасаң, олар да сенің күнәлі істеріңе көз

жұмып қарайды» дегенге саяды»

27

. Бұл көзқарасқа

келісу қиын. Өйкені толеранттылық қоғамға зиянды іс-

әрекеттерге салғырт қарауды, пассивтікті білдірмейді.

Қажет кезінде тиісті шара қолдануды да қарастырады.

Христиандықта кешірімге көп көңіл бөлінеді. Иса

Мәсіх таудағы уағызында өз сенушілерін кешірім-

ге шақырып былай деген «Не сендер күнә істеген-

дерді кешіріп, көктегі Әкелерің де сендерді кешіреді,

егер күнә істеген кісілерді кешірмейтін болсаңдар,

Әкелерің де сендердің істеген күнәларыңды кешір-

мейді» (Матфейден. 6:14-15.). Бұл сөздің Інжілде келу

реті, христиандардың негізгі дұғаларының алдын-

да, сондай-ақ ораза ұстау туралы сөздердің алдында

айтылуының өзіндік мәні жоқ емес. Өйткені христиан-

дар егер басқаларды кешірмеген жағдайда жасаған дұға

мен ұстаған оразаның қабылданбайтындығына сенеді.

«Отче наш» деп аталатын басты дұғада бұл пікір анық

айтылған: «Біздің өзімізге қарыздарды кешіргеніміздей

сен де біздің қарыздарымызды кешіре гөр!»

28

.

Христиандар Иса Мәсіхтің өзін айқышқа керіп

азаптағандар жайлы «Әке, оларды кешір, не істеп

жатқандарын өздері білмейді» (Лұқадан. 23:34.) деген

сөзін кешірімділіктің ең биік үлгісі ретінде қабылдауда.

Христос тәлімі бойынша Құдай өзінің заңдарын

орындай алуы үшін адамға барлық жағдайды жасаған.

27

Сонда.

28

«Ибо если вы не будете прощать людам...» Дереккөзі:

http://azbyka.ru/hristianstvo/bibliya/novyi_zavet/nagornaya_

propoved_89-all.shtml

Қаралған уақыты: 11.04.2014.

17

Діни толеранттылық және әлемдік діндер