күнәдан таза еместігін есіне алып тосылып қалған бо-
латын.
Христос өз сенушілеріне үлгілі өнеге иесі ретінде
бейбітшілікті, жақсылықсүйгіштікті, мейірімділік пен
махаббатты да насихаттады. Құдайды жан-тәніңмен
сүю, жақындарыңды жақсы көру, тіпті дұшпаныңа кек
сақтамау Исаның алғашқы өсиеттері легін құрады.
«Көршілеріңді жақсы көріңдер, дұшпанды жек
көріңдер» дегенді естідіңдер. Алайда мен сендерге мы-
наны айтамын, дұшпандарыңды жақсы көріңдер, сен-
дерге қастық жасағандарға дұға етіңдер» (Матта, 5-43-
48.).
«Алайда мені тыңдаған сендерге мынаны ай-
тайын, дұшпандарыңды жақсы көріңдер, өздеріңді
жек көргендерге де жақсылық жасаңдар, өздеріңе
қарғыс айтқандардың тілеуін тілеңдер, сендер-
ді балағаттағандар үшін дұға етіңдер. Бір бетіңнен
ұрса, екінші бетіңді тос. Шапандарыңды тар-
тып алғаннан көйлектеріңді де аямаңдар. Сендер-
ден сұрағандардың бәріне беріңдер. Заттарыңды
алғаннан қайта кері оны сұрамаңдар. Басқаларға сен-
дерге қандай қатынас жасағанын қаласаңдар, сен-
дер де оларға сондай қатынас жасаңдар. Егер тек
қана өздеріңді жақсы көргендерді жақсы көрсеңдер,
бұдан не мақтауға ие боласыңдар? Күнәкарлар да өзін
жақсы көргендерді жақсы көреді. Өздеріңе жасылық
жасаушыларға жақсылық жасасаңдар, одан не мақтауға
ие боласыңдар? Күнәкарлар да бергенін қайтарып алу
шартымен күнәкарларға қарыз береді. Бірақ сендер
дұшпандарыңды жақсы көріңдер, жақсылық жасаңдар,
ешқандай қайтарым күтпестен қарыз беріңдер. Ала-
тын сыйларың зор болады, Ұлылар ұлысының ұлдары
боласыңдар. Өйткені Ол жақсылықты білмейтін, на-
шар кісілерге кеңжүректі» (Лұқа, 6:37-38.).
«Христиандықта махаббат ұғымы басымдыққа
ғана ие болмады, ол арнайы түсіндірмеге де ие болды:
19
Діни толеранттылық және әлемдік діндер