Previous Page  15 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 40 Next Page
Page Background

Ал енді христиан дініндегі толеранттылық не-

гіздерін қарастыру үшін алдымен христиандыққа

бір жалпылама көз тастап өтейік. Христиандық б.з. І

ғасырында қазіргі Палестина жерінде пайда болған

дін. Әлемдік дін ретінде христиандық монотеистік

сенімге жатады. Құдай, Иса (Құдайдың ұлы), қасиетті

Рухтан құралған үштік сенім христиандықтық ба-

сты ерекшелігін құрайды. Христиан діні өзіне дейін-

гі иудаизмнің жалғасы ретінде келгендіктен Көне

өсиеттегі тағылымдар мен этикалық құндылықтар

христиандыққа да қатысты.

Христиан дініндегі төзімділік негіздерін мына

аяттар анық айқындайтынын айтуға болады.

“Барлық адамдарға құрмет көрсетіңдер. Иманды

бауырларыңызды жақсы көріңіздер» (Петрдың І хаты,

2:16-17.).

Адамдарды наным-сеніміне, ұлтына, тіліне, түріне

қарап алаламау, құқықтарын шектемеу, тең дәреде

қатынас жасау оларға адам ретінде құрмет көрсете

білумен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан келгенде

христиандықтағы барлық адамдарға құрмет көрсету

идеясы бұл сенімнің өзегінде әлем бейбітшілігіне

қызмет ету дәстүрін қолдайтынын аңғартуда. «Иманды

бауырларыңызды жақсы көріңіздер» өсиеті түрлі на-

ным-сенім иелерінің діни бауырластығын қамтамасыз

етуде. Бұл христиан дінінің түрлі дін өкілдері арасында

өзара құрмет, махаббат пен сүйіспеншілік, толерантты

қатынас орнатуға үндейтінін көрсетуде.

Христиан дінінің толеранттылықты қолдайтынына

апостол Павелдің мына үндеуін келтіруге болады.

«Егер өз тарапыңнан мүмкіндік болса, барлық адам-

мен тату болыңдар» (Римляндықтарға, 12:18.). Бұл жер-

де айтылған барлық адамдармен тату, бейбітшілікте

зарубежных стран, в том числе из России, учиться у Индии

веротерпимости.

http://dalailama.ru/news/948-dalai-lama.html

Қаралған уақыты: 11.04.2014.

15

Діни толеранттылық және әлемдік діндер