махаббат – адамның Құдаймен де, адаммен де бірігу
жолы, Құдаймен бірігу адам арқылы, ал адаммен бірігу
Құдай арқылы жүзеге асады»
29
.
Інжілді қарастырғанымызда, ондағымәліметтерден
озбырлық пен бұзықтыққа тыйым салынып, парасатты,
түсінігі мол, қақтығыстан алыс кешірімшіл, ұнамды
адам бейнесі дәріптелгенін көреміз. Тіпті Құдайды
сүю мен адамды сүю онда ең алғашқы бұйрық ретінде
аталған.
«Иса оған былай деп жауап қатты «Тәңірің Раббты
бар жүрегіңмен, жан-тәніңмен, бар ақыл- ойыңмен
жақсы көруің тиіс». Міне, алғашқы әрі ең маңызды
бұйрық осы. Алғашқыға ұқсайтын екінші бұйрық мы-
нау: «Көршіңді өзіңдей жақсы көресің»» (Матта, 22:37-
39.).
«Олардың таласқандарын тыңдаған әрі Исаның
оларға жақсылап жауап бергенін көрген дін білім-
пазы жақындап одан «Бұйрықтардың ең маңыздысы
қайсысы?» деп сұрады. Иса былай деп жауап қатты:
«Ең маңыздысы мынау: «Тыңда, әй, Исрайыл! Тәңіріміз
Рабб жалғыз құдай. Тәңірің раббты бар жүрегіңмен,
жан-тәніңмен, бар ақыл-есіңмен, бар күшіңмен жақсы
көруің керек. Екіншісі мынау: «Көршіңді де өзіңдей
жақсыкөресің». Бұлардан өткен бұйрықжоқ». Дін білім-
пазы Исаға «Жақсы айттыңыз, ұстазым» деді. «Тәңірі
жалғыз, Одан басқасы жоқ» деу арқылы шындықты
айттың. Адамның тәңірді жүрегімен, бар түсінігімен
әрі бар күшімен жақсы көруі, көршісін де өзіндей көріп
жақсы көруі барлық ұсыныстар мен құрбандардан да
маңызды» (Марк, 12:28-33.).
Бұл аяттардан бірінші кезекте Құдайды сүю (amore
dei), содан кейін барып адамды сүю (amore proximi)
қажеттігін көреміз. Тіпті Құдайды сүю мен адамды
29
Заповедь любви. Новая философская энциклопедия.
Дереккөзі:
http://iph.ras.ru/elib/1124.htmlҚаралған уақыты:
11.04.2014.
20
Діни толеранттылық және әлемдік діндер