Previous Page  22 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 40 Next Page
Page Background

қайғысын бөлісу керектігі ондағы толеранттылықтың

белгілерін байқатуда.

«Сендерге жаңа бір бұйрық айтайын: Бір-бірлеріңді

жақсы көріңдер. Сендерді жақсы көргенімдей сендер

де бір-бірлеріңді жақсы көріңдер. Бір-бірлеріңе деген

сүйіспеншіліктерің болса, осы арқылы ел сендерге

қарап менің шәкірттерім екендіктеріңді біледі» (Ио-

анн, 13:34-35.).

«Махаббаттарың екіжүзді болмасын. Жамандық-

тан тіксініңдер, жақсылыққа үйір болыңдар. Бір-

бірлеріңе бауырлардың жақсы көргеніндей ба-

уыр басыңдар. Бір-бірлеріңе құрмет көрсетуде

жарысыңдар... Қиындықтарға төзіңдер... Мұқтаждығы

бар қасиеттілерге көмек беріңдер. Қонақжай болу-

ды мақсат тұтыңдар. Сендерге қастық жасағандарға

жақсылық тілеңдер. Жақсылығын тілеңдер, қарғыс

айтпаңдар. Қуанғандармен қуаныңдар, жылағандармен

жылаңдар. Бір-бірлеріңмен пікір жарастырыңдар.

Тәкаппарланбаңдар, керісінше жәбір көргендермен дос

болыңдар. Білгішсінбеңдер» (Римдіктерге хат, 12:9-16.).

Христиандықта махаббатты айтқанда әрдайым

ұстамдылық, төзімділік, сабыр мен мейірімділік

қоса ескертіледі. Ол бойынша, махаббат – сабырлы

әрі мейірбан. Махаббат қызғанбайды, мақтанбайды,

өркөкіректенбейді. Махаббат дөрекі әрекетке бар-

майды. Өз пайдасын күйттемейді, тез ашуланбайды,

жамандықтың есебін көңілде ұстамайды. Махаббат

әділетсіздікке қуанбайды, бірақ шынға қуанады. Ма-

хаббат барлық нәрсеге төзеді, барлық нәрсеге се-

неді, барлық нәрсеге үміт артады, барлық нәрсеге

арқа сүйейді. Сондай-ақ Құдайға, адамға махаббаты

барлардың басқаларға күш қолданбайтындығы негізге

алынады.

«Барлықжағынан сыпайы, жұмсақмінезді, сабырлы

болыңдар. Бір бірлеріңе махаббатпен, кеңпейілділікпен

қараңдар...» (Эфестіктерге, 4:2-5.).

22

Діни толеранттылық және әлемдік діндер