таныту керектігі жиі тілге тиек етіледі. Араларындағы
ерекшеліктерге қарамастан ұқсастықтар бар екен-
дігі алға тартылады. «Әділетсіздерінен басқа кітап
иелерімен ең жақсы түрде ғана пікір таластырыңдар.
Және былай деңдер: біз өзімізге түскенге де, сендерге
түскенге де иман еттік. Біздің құдайымыз бен сендердің
құдайларың бір. Біз соған бағынамыз» (Анкабут, 46).
Кітап иелерімен қатынаста Құран соғыстан гөрі
бейбітшілікке басымдық береді. «Егер олар бітім-
ге жақындаса, сен де соған бар, Аллаһқа тәуекел ет»
(8:61), бұған қоса, шабуылға ұшыраған жағдайда
мұсылмандарға соғысуға рұқсат етілген:
«Аллаһ жо-
лында өздеріңмен соғысқандармен соғысыңдар,
бірақ шектен шықпаңдар. Аллаһ шектен
шыққандарды жақсы көрмейді»
(Бақара, 190).
Тарихи деректерде мұсылмандар иудейлер мен хри-
стиандарды өз сенімдерінен күшпен бас тартқызбаған.
630 жылы Тәбук жорығынан қайтып келе жатып Хы-
мьерлерге жазғызған хатында Мұхаммед пайғамбар
мына жағдайды баса айтқан: «Өз сенімдерінде
табандылық танытқан иудейлер мен христиандар
күшпен діндерінен тайдырылмасын. Бірақ сендерге
жизия төлеп тұрсын»
37
.
Амр ибн Хазм әл-Ансариды исламды үйрету үшін
ұстаздық қызметке өзге дін өкілдері бар аймаққа жол-
дап тұрып Мұхаммед пайғамбар иудейлер мен хри-
стиандарды діндерінен қайтаруға күштемеу керектігін
қағазға жазғызып қолына ұстатқан
38
.
Жизия салығы әйел, бала-шағадан, кәрі кісілер-
ден, кедей-кепшіктерден, жұмыссыздардан, қандайда
да бір сенімді себебі барлар мен кірісі жоқ шіркеу
қызметкерлерінен алынбаған
39
.Жизия салығын төлеген
37
Хамидуллаһ М. Ислам пейгамбери, І, 630; әл-Уәсаиқ, Б. 239-240.
38
Ибн Хишам, әс-Сира ІІ, Б. 593-594.
39
Давуд А. Тарих боюнжа динлерарасы диалог, Ышык
йайынлары, 2005. Б. 97. 365 Б.
27
Діни толеранттылық және әлемдік діндер