кімге де күшпен ислам қабылдатылмайды. Өйткені
Құранда «Дінде зорлық жоқ» делінген»
52
.
Дін еркіндігін жазбаша бекіту Мәдина келісімінде
қаралды (622 ж.)
53
. Мәдина келісімі – мұсылмандардың
Меккеден Мәдинаға көшіп келгеннен кейінгі уақытта
орын алды. Бұл кезде Мәдина қаласында үш әлеуметтік
топ қалыптасты: мұсылмандар (олар аус және хазраж
тайпаларынан құралды), еврейлер, араб тайпалары-
на қарасты жергілікті мүшіріктер. Келісім негізінде
бейбітшілік орнағанға дейін бұлар үнемі бір-бірімен
соғыс жағдайында болып келді. М. Т. Окичтың ай-
туынша, Мұхаммед пайғамбар бұл уақытта алғаш
рет халық санағын жүргізген. Нәтижеде Мәдина
тұрғындарының жалпы саны он мың: олардың мың
жарымы мұсылмандар, төрт мыңы иудейлер, төрт жа-
рым мыңы мүшрік арабтар екені анықталған
54
.
Бұл уақытта әртүрлі этникалық түбірден,
мәдениеттерден немесе одан да маңыздысы діндерге
қарасты адамдардың бір жерде үйлесімді әрі бақытта
ғұмыр кешуін қамтамасыз ету үшін екі жол тұрды. Бірі,
тұрғындарды күшпен басқару, екіншісі, азат адамдар
ретінде еркін пікір алмасып ортақ мәмілеге келу, кейін-
нен бұл келісімді жазбаға түсіріп, жалпыға ортақ осы
ережелермен бәрінің жауапкершілігін нықтау.
Ислам дінінің өзге дін өкілдеріне толеранттығына
сүйене отырып Мұхаммед пайғамбар Мәдина
жағдайында әлеуметтік топтардың бір-бірімен
ынтымақтастықта және бейбіт қатар өмір сүруі
52
Колесников А. И. Завоевание Ирана арабами. М., 1982. 270 Б.
215-216 Б.
53
Бұл келісімді тарихи құжат ретінде мұсылман елдеріне
танытқан Мұхаммед Хамидуллаһ (1908-2002) болса,
батыстағы ғылыми ортаға танытқан адам неміс ориенталисті
Юлиус Велльгаузен (1844-1918).
54
Окич М. Т. Исламиетте илк нуфус сайымы, А.У. Илахият фак.
Дергиси. Анкара, 1958-9, 7/11.
33
Діни толеранттылық және әлемдік діндер