қоғамдық жоба еді. Бұған қоса, ортақ заңға бағыну
мәселесі реттеліп, соғыс ашу жекелеген тайпалардың
құзыретінен алынып, Жихад (не соғыс) ашу құқы енді
жеке адамдар емес заңды мемлекетке берілді
58
.
Құжаттың 37 бабы көптүрлілікті қабылдауға, өзге
сенім иелерімен диалог құруға дайын болуға шақырды.
«Соғыс орын алған жағдайда әркім өз шығынын
өзі көтереді: иудейлер де, мұсылмандар да. Осы жаз-
бада аталғандарға соғыс ашқандарға қарсы олар өз
араларында жәрдемдеседі. Олардың арасында өзара
көркем мәміле болады. Міндетті түрде ережелерге
бағынылады, оған қайшы әрекетке барылмайды». Бұл
баптағы «олар өзара жәрдемдеседі» және «өзара көркем
мәміледе болады» деген сөздер назар аударалық.
Келісімнің 4 және 11 баптары әлеуметтік
топтардың тәуелсіздігіне арналады. Мұның ерекшелігі,
бұрынғыдай қылмыс жасаған адамға жақын туыстары
жауап бермей, кінәлі адамның өзі ғана жауап беруі мін-
деттелді (22-бап және 31-баптың 2-тармағы).
Тағы бір ескерте кетерлігі құжатта айтылған жай-
ттар жалпы адами құндылықтар легін құрайтындығы.
Мәтінде айтылған жайттар Құран өнегесімен сай
келгендіктен, кейіннен де ұзақ уақыт бұл жайттар
орындалған
59
.
Зерттеуші М. Хамидуллаһтың пікірінше, «бұл
Ислам мемлекетінің алғашқы конституциясы болып
қана қоймай, әлемдегі алғашқы қағаз бетіне түсірілген
конституция болып табылады. Қолымыздағы дерек-
тер келісімнің бірнеше тараптың кездесуі нәтижесінде
және қоғам талабы ретінде жақсы конституция үшін
керекті алғышарт екенін көрсетеді»
60
.
58
Сонда, 49 б.
59
Файда М. Хазірет Өмер заманында ғайри муслимлер, МУИФ
йайынлары, Стамбул 1989, 115 Б.
60
Диалоғун дини ве тарихи темеллери, Ышык йайынлары,
2006. 97 б.
36
Діни толеранттылық және әлемдік діндер