Бұған қоса, тақырыпты зерттеуші Д. Айдүздің
айтуынша, медицина саласында сарай дәрігері, емха-
наларда да қызмет атқарып, әрдайым оларға құрмет
көрсетілген. Аударма жұмыстарының негізін қалауда
да олардың еңбегі аз болмаған. Тіпті Хикмет үйінің
(Бәйтүл хикма) негізгі бөлігін солар құраған. Сарайда
міндет атқаратын дәрігерлер әулеттің бір мүшесі сана-
лып, рұқсатсызхалифаменжақындарыныңбөлмелеріне
де кіре алған. Құлшылықтарын өз үйлерінде де, сарай-
да да еш қысылмаста атқара алған. Жамағаттары үшін
шіркеу салу ұсыныстары да ескерусіз қалмаған. Әмәуи
сарайының ақыны ретінде танылған Ахтал сарайдағы
мәжілістерге мойнына таққан крестімен діни киім-
де қатысатын болған. Оған ешкім қабақ шытпай-
тын, қайта оның өлеңдері жоғары бағаланған. Аббаси
кезеңдерінде де көптеген христиан ақындары сарайға
келіп өлеңдерін оқып, марапаттауларға ие болатын.
Өнерді бағалау ғана емес бұл бір жағы әр мәдениет
өкіліне деген құрмет пен толеранттылықты да білдір-
ген
68
.
Қорыта келгенде, кез келген дін мен конфессияның,
әсіресе жоғарыда сөз болған әлемдік діндердің түпкі
идеясы гуманизмге арқа сүйейді, құндылықтар жүйесі
Құдайды сүюге, адамды жақсы көруге, қатігездікке
бармауға, мейірімділік танытуға, сыйлауға, шақырады
деп айтуға толық негіз бар.
«Толеранттылық идеясы адамзаттың барлық бел-
гілі діни жүйелерінің мазмұнында қамтылған»
69
.
68
Сонда. 145 б.
69
Сосковец Л.И., Религиозная толерантность и свобода
совести: история и теория вопроса // Изместия Томского
политехнического университета, Т. 307. №2, 2004.
39
Діни толеранттылық және әлемдік діндер