Previous Page  37 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 40 Next Page
Page Background

Италия тарихшысы әрі исламтанушы Л. Каэта-

ни болса «конституция» дегеннен гөрі «құжат» деген

сөзді қолданғанды дұрыс санаған

61

.

Қысқаша айтқанда, Мәдина келісімі әр түрлі дін

өкілдері арасында бейбіт қатар өмір сүру үшін ресми

түрде жасалған мәміле. Ол исламдағы бейбітшілік пен

толеранттылықты, исламның адам құқығына құрметі

мен диалог мәдениетін, өзге дін өкілдеріне көзқарасын,

сондай-ақ сенім бостандығы мен ұждан еркіндігін

қамтамасыз етуімен құнды.

Толеранттылықтың ерекше үлгілерін Мұхаммед

пайғамбардың өз өмірінен көреміз. Ол адамдарды

сеніміне, түріне, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына т.б.

қарап алаламаған. Бір жолы иудей жаназасын көріп ор-

нына тұрып құрмет қылады. Жанындағы сахабасы «Ол

иудей емес пе?» дегенінде, «Кім болса да адам ғой»

деген жауабы оның қаншалықты терең парасат иесі

болғанына дәлел. Тағы бірде Мәдинада өзіне жолығуға

келген 60 кісілік Нәжрандық христиандардың

өтінішімен құлшылықтарын мешітте атқаруға рұқсат

еткен. Христиандар шығысқа қарап тұрып мешіттің

ішінде өздерінің құлшылықтарын атқарған

62

. Өз ке-

зегінде бұны толеранттықтың ең жарқын үлгісі деуге

болады.

630 жылы мұсылмандықты қабылдағандықтарын

білдіру үшін Мәдинаға келген Хымьер билеушісінің

елшілеріне айтқан сөзі де исламның өзге дін

өкілдеріне толерантты қарап, наным-сенім еркіндігін

бергенін көрсетеді: «Бір иудей немесе бір христиан

мұсылмандықты қабылдаған жағдайда мүминдерден

саналады(яғни, құқықтық тұрғыданмүминдермен тең).

61

Сонда. 97 б.

62

Тіпті сахабаларының қарсылығына да қарамаған. Қараңыз:

Ибн Хишам, әс-Сира, І, 574.

37

Діни толеранттылық және әлемдік діндер