Previous Page  32 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 40 Next Page
Page Background

екі реттен тағайындалып, мұсылмандар олардың

бұйрықтарын орындауға мәжбүр болды

49

.

Х-ХІІІ ғасырларда христиандардың ең жоғарғы

әкімшілік қызметтер атқарғаны кездескен. Тіпті кей-

бір мұсылман заңгерлері абсолютті мемлекеттік

өкілеттілік берілмейтіндіктен христиан мен иудейлер

уәзір де бола алады деп есептеген

50

.

Мұсылмандар зыммилердің ғибадатханаларына

қарауға алған, бұзылмай сақталуына да мүдделілік

танытқан. Милади ІІІ ғасырда салынған Тұр тауын-

дай Синай монастры (Монастырь св. Екатерины) әлі

күнге шіркеу қалпын сақтап тұр. Тек естелік ретін-

де кішкене бір бөлмесі ғана намаз оқуға арналған.

Сырттай қарағанда аласа ғана мұнарасымен әлі

күнге

мұсылмандардың

христиандарға

деген

толеранттығын паш етіп тұрғандай. Қазіргі мұсылман

елдеріндегі осындай көптеген өзге діннің сақталып

қалған ғибадатханалары исламның ол діндерге

толеранттылықпен қарағандығын айқындауда. Дамаск

мешітінкеңейтуүшінХалифа әл-УәлидибнАбдулмәлик

Иоанн шіркеуін бұзғызғанын естіген Халифа Омар ибн

Абдулазиз бұның қателік болғанын айтып, оны түзеуге

тырысқан. Христиандардың қарсылық көрсетуіне

қарамастан әлгі мешітті жыққызған

51

.

Сасанидтік Иранды бағындырғаннан кейін халифа

Омар 638 жылы Несториандық католикос ІІ Ишоябпен

келісім жасасты. Оларды қорғап, жизия төлеуге міндет-

теген бұл келісімде де Құранға сүйене отырып мына

жағдай баса айтылды: «христиандықты ұстанушы еш-

49

Стецкевич М. С. Религиозная толерантность и нетерпимость в

истории Европейской культуры. Санкт-Петербург. 2013. 382 Б.

50

Сонда. 382 б.

51

Давуд А. Тарих боюнжа динлерарасы диалог, Ышык

йайынлары, 2005. Б. 142. 365 Б.

32

Діни толеранттылық және әлемдік діндер