кітап иелері діни наным-сенім еркіндігін иеленген. Тіп-
ті әскерге де алынбай, мал-жандарының амандығын ке-
пілдеген. Ал Исламды өз еркімен қабылдап жатса, жи-
зия салығын төлеуден босатылған. Бұл Ислам дінінің
бейбітшіл мінезінен туындаған шындық. Арнольдтың
да дөп басып айтқанындай, «Жизия христиандарды
езу үшін емес, оларды қорғау үшін алынған үлестік
салық»
40
.
Бұндай құқықтың мүшріктерге берілмегендігі
кітап иелеріне көрсетілген артықшылықты білдіреді.
Бұған қоса, «..Әхлі кітаптың бауыздағандары сендер-
ге адал, сендердің сойғандарың оларға адал» («Маи-
да» сүресі, 5) деген аят арқылы кітап иелерінің сойған
мал еті мұсылмандарға адал етілген. Кітап иелерінің
ыдыстарын қолдануға да рұқсат етіліп, тіпті кітап ие-
лерінен қыз алып, олармен үйленуге болатындығы
да Исламның оларға деген толеранттығының бір
көрсеткіші. Үйленген жағдайда өзге сенімдегі әйел өз
дінінде қалуға әрі өз дінінің талабына сай әрекет етуге
ерікті болған
41
.
«Сендерден бұрынғы кітап иелеріне басы азат,
арлы әйелдер де, мәхірін беріп некелегендерің де
адал»
(«Маида» сүресі, 5).
Ислам билігіне қараған өзге дін өкілдері «зым-
милер» деп аталды. Олар арнайы зыммет келісімі
негізінде еркін өмір сүру құқын иеленді. «Зыммет»
сөзі Құранда екі жерде кездеседі (Тәуба сүресі, 8-10).
Термин ретінде бас амандығы, қауіпсіздік, қорғау,
құрмет, келісім деген мағыналарды білдіреді. Зыммет
келісімі Меккені азат еткеннен кейін хижри 9 жылы
түскен «Тәуба» сүресінің 29 аятымен бекітіліп, мем-
лекеттік басқарудың тәртібіне енген. Зыммилер мем-
лекетпен арадағы келісім негізінде кісі салығы (жи-
40
Arnold Th. W. The Preaching of Islam, London 1913, Б. 60-61.
41
Давуд А. Тарих боюнжа динлерарасы диалог, Ышык
йайынлары, 2005. Б. 98.365 Б.
28
Діни толеранттылық және әлемдік діндер