үшін ең тиімді жолды таңдады. Мәдина қаласына
келіп орналасқан соң бірінші жергілікті ансар-
лар мен мұхажирлер қатысқан үлкен мәжіліс
өткізді. Бұл мәжілісте ансарлар мен мұхажирлердің
бауырластығын жолға қойды. Мұсылмандардың
арасындағы әлеуметтік қатынастар осылайша рет-
телген соң, басқа әлеуметтік топтардың өкілдерімен
ақылдасты. Нәтижеде мұсылмандар мен иудейлердің
басшыларымен Бинти Харистің үйінде жиналып жаңа
бір ортақ келісімге қол қойылды.
Түрік социологы А. Булачтың пікірінше, аталмыш
келісімде мына қағидалар негізге алынды: туралық,
әділдік, адам құқына құрмет және шынайы бейбіт-
шілік пен әділеттілікке қол жеткізуде әлеуметтік
топтар арасында келісім жасалуы (діни, құқықтық,
пәлсапалық және саяси т.б). Келісім мәтінін жаса-
уда және бекітуде әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері
қатысты. Келісімнің негізгі мәселелері көптарапты ер-
кін келіссөздердің нәтижелі болуын қамтамасыз етті.
Қоғамның көптүрлілігіне сай келісімшарт барлық топ-
ты қанағаттандырды. Келісімшарттағы бір мәселеге
барлық тарап келісімін берсе, онда ол бап енгізілді, ал
келісілмеген жағдайда алынып тасталды. Бір сөзбен
айтқанда, шарт ортақ келісімдерді ғана құрады, қалған
мәселелер әр топтың өзінің жеке ісі болды. Бұл түрлі
дін, ұлт өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруіне жасалған
үлгі болса керек. Екінші қағида – мемлекетті басқару
жүйесі белгілі бір билікке тән емес, билік халыққа
тән болды. Тоталитарлық және авторитарлық басқару
жүйесі көптүрлілікті жақтамайды. Мәдина келісімі
барлық әлеуметтік топтарды мойындап, олардың өз
ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік берді. Келісімде
барлық тайпалардың аталып өтілу себебі, қоғамдағы
діни, этникалық, әлеуметтік топтардың бірін-бірі та-
нуы үшін жасалды. Басқаша айтқанда, барлық діни
және этникалық топтар мәдени және құқықтық авто-
34
Діни толеранттылық және әлемдік діндер