зия), жер салығы (хараж) және сауда салығы «үшір»
төлеген. Зыммилер категориясына алғашында кітап
иелері ғана кірген. Алайда мұсылмандардың Иранды
бағындыруымен халифа Омар сахаба Абдурахман ибн
Ауфтан хат арқылы зороастрлықтардыңд да осы топқа
жататынын анықтаған
42
.
Бұл келісім негізінде өзге дін өкілдері мұсылман
билігін мойындаумен қатар мемлекеттік заңдарды
құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға, мұсылман
салт-дәстүріне құрметпен қарауға міндеттелген. Өзге
дін өкілдері салық төлеу арқылы сыртқы жаудан
қорғалуға, діни нанын-сенім еркіндігіне, құлшылық
жасауға, білім алуға, мамандық игеруге, жеке
құқықтық автономияға ие болған. Бұндай әлеуметтік
келісім жасасқан кісілер «зымми әхлі» ретінде білін-
ген.
Ресейлік исламтанушы О.Г. Большаков ХІ ғасырда
мұсылман заңгер әрі теологы әл-Мауардидың зым-
милардан талап етілетін алты міндетті анықтағанын
білдірген. Ол бойынша Құранға жақамаушылық
көрсетпеу, Мұхаммед пен Исламға тіл тигізбеу, ой-
нас жасамау, мұсылмандармен некеге отырмау,
мұсылманды өз сеніміне тартпау, мұсылмандармен
соғысушыға жақтаспау
43
.
Мұсылман заңдары бойынша бұл зыммет келісімі
өзге сенім өкілі бірінші болып өтініш білдіргенде ғана
барып күшін жоятын болған. Мұсылмандарға бірінші
болып арадағы бұл келісімді бұзуға рұқсат етілмеген.
Бұндай келісімді бұзу тіпті күнә әрі қылмыс болып
есептелген. Осының өзі өзге сенім өкілдеріне қандай
құрмет жасалғанына дәлел.
«Зыммилердің азаматтық құқықтары жоғары
бағаланғаны сондай, қажет кезде олар мемлекеттік
42
Стецкевич М. С. Религиозная толерантность и нетерпимость в
истории Европейской культуры. Санкт-Петербург. 2013. 381 б.
43
Сонда. 384 б.
29
Діни толеранттылық және әлемдік діндер