Previous Page  31 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 40 Next Page
Page Background

ликосы әрі яковиттік патриарх өзінің шіркеуі арқылы

сайланды, оны халиф бекітті. Зороастрлық басшы

«патша» деп аталды

46

.

Белгілі швейцар шығыстанушысы А. Мец (1869-

1917) өзінің «Мұсылмандық ренессанс» атты еңбегінде

былай деп атап көрсетті: «Өзге сенімдегілердің көптігі

мұсылман елін негізінен христиандардан құралған

ортағасырлық европадан ерекшеледі»

47

.

Өзге дін өкілдеріне көбірек толеранттылық

танытылған кезеңнің бірі Араб халифатын Омаяд-

тар (661-750жж.) басқарған жылдар екенін айтуға бо-

лады. Алғашқы Омаяд халифы Мұғауия христиан-

дарды жазармандар мен салық жинаушылар ретінде

тағайындады. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген мелькит

монахы Иоанн Фенек Мұғауия кезеңін «әлемде сондай

бейбітшілік орнады, бұндай ешқашан болған емес, тіп-

ті біздің әкелеріміз бен аталарымыз да бұндай бейбіт-

шіліктен сөз еткен емес» деп сипаттаған

48

. Омаядтар

басқаруы кезінде мұсылмандар мен христиандар ара-

сында ашық пікірталастар орын алып, салыстырмалы

түрде құдайтану ілімі дамыды. Бір қызығы, Визан-

тияда икондарға қатысты дау туған уақыттарда (VIII

ғ.) иконаларды жақтауымен аты шыққан ең белгілі

тұлғалар, әсіресе, Иоанн Дамаскин мұсылмандардың

қол астында өмір сүрді, алайда (ислам дінінде сурет

бедерлеуге тыйым салына тұра) ол өз көзқарасы үшін

қуғындалмады.

Аббасидтер кезінде (VIII ғ. орталарынан бас-

тап) Араб халифатында христиандар бұрынғыдай

мемлекеттің әкімшілік аппаратында лауазымды орын-

дарды иеленді. А. Мецтің атап кеткеніндей, ІХ ғасыр

бойы христиандар әскери министрлік қызметіне

46

Сонда. 382 б.

47

Мец. А. Мусульманский ренессанс. М., 1966. 38 б.

48

Большаков О. Г. История халифата: в 3 т. М., 1989-1998. Т. 3.

175 Б.

31

Діни толеранттылық және әлемдік діндер