«Раббың қаласа, жер бетіндегілердің барлығы
иман етер еді. Жағдай солай бола тұра адамдарды
мүмин болуға сен қинамақшысың ба?»
(«Юунус»
сүресі, 99).
“Қане, насихат айт. Сен енді тек қана
насихатшысың. Оларды күштеп қинаушы емессің»
(«Ғашия» сүресі, 88:21-22.).
Діндерді зерттеген жапон ғалымы Т. Изутсуның
(1914-1993) да атап көрсеткеніндей, Құран сол кезде-
гі қоғамды екіге бөліп қарастырған: кітап иелері: иу-
дейлер мен христиандар және пұтқа табынатын араб
мүшріктері
36
.
Исламның өзге дін өкілдеріне қарым-қатынасын
анықтауда «Әхлі кітап» ұғымына тоқталған жөн.
Құран бойынша «Әхлі кітап» көктен түскен қасиетті
кітаптарға иланған өзге сенім өкілдеріне қаратыла ай-
тылады. Әхлі кітап ұғымы айтылғанда бірінші ойға ке-
летін түсінік ол иудейлер мен христиандар.
Құран бойынша иудейлер мен христиандар өз
қасиетті кітаптарындағы құдай сөзін бұрмалаған.
«Әй, кітап иелері! Неге сендер ақиқатты өтірікпен
бүркемелеп, біле тұра ақиқатты жасырасыңдар?»
(3:71); «Олар өздеріне ескертілгендердің бір бөлігін
жасырып қалды» (5:13). Бұл жерде Мұхаммедтің ке-
летіндігі мен пайғамбарлық міндет атқаратындығы
мойындалмау үшін жасырылуда. «Әй, кітап иелері!
Сендерге Біздің елшіміз келді, өздеріңіз үстірт өткен
әрі жазбаларыңда жасырып қалған тұстарың секілді
көп жайтты түсіндіру үшін» (5:15). «Аллаһтың нұрын
ауыздарымен сөндіргілері келгені үшін» (Саф, 8) иу-
дейлер мен христиандарды кіналап әрі олардың жазба-
лары бұрмаланған деп қабылдай отыра мұсылмандар
оларды монотеистік сенімді ұстанушылар қатарында
қабылдайды. Құранда кітап иелеріне толеранттылық
36
Изутсу Т. Куранда Аллаһ ве инсан, түрік тіліне ауд. Сүлейман
Атеш, Кевсер йайынлары, Анкара, (мерзімсіз), 73 б.
26
Діни толеранттылық және әлемдік діндер