жеңетініне, түрлі дін өкілдері арасында татулық ор-
натып, бейбітшілікке қызмет ететініне сенеді. Осын-
дай мәңгілік құнын жоймайтын құндылықтарға не-
гізделгендіктен де Христиан діні бүгінгі күнге дейін
жетіп, әлемдік дін ретінде өміршеңдігін сақтап келеді.
Ислам – VI ғасырда пайда болған әлемдік ең жас
дін. Құрушысы нақты тарихи тұлға Абдуллаұлы
Мұхаммед (с.а.с.). Ислам монотеистік дін ретінде бір
құдайға деген сенімді жақтайды. Ол өзіне дейінгі иу-
даизм мен христиандықтағы о бастағы тәухид сенімін
жалғастырып, бұрмаланған тұстарын толықтыру үшін
келген.
Ислам сөзі «бейбітшілік, мойынсұну» деген
мағынаны білдіреді. Ол өзінің тарихи даму барысында
әрдайым бейбітшілік пен әділеттілікті жақтап, гума-
низмді ту етіп, нағыз толерантты дін екенін дәлелдеді.
Өйткені Ислам дереккөздерінен толеранттыққа мы-
салдарды көптеп кездестіреміз. Діни толеранттылық
ұғымының өзгелердің наным сенімін, құлшылық түрін,
дүниетанымын, өзіндік құқықтарын құрметтеу екенін
ескере отырып, біз бұл бөлімде мұсылмандардың сол
кезде өздерімен бірге өмір сүрген өзге дін өкілдері
христиандар мен иудейлерге қалай қарағанына, жеке
тұлғалық, қоғамдық, тіпті мемлекеттік деңгейде олар-
мен қандай қатынас орнатқанына, заңдық құжаттарға,
адамгершілік нормаларға, адам құқықтарының
алғашқы декларациясындай қабылданған Мәдина
келісіміне көз жібермекпіз.
Ислам негізгі қайнар көз ретінде Құран мен
сүннетке сүйенеді. Құран уахи арқылы Аллаһтың
соңғы елшісіне түсірген сөзі ретінде қабылданады.
Сүннет болса Мұхаммед пайғамбардың істері, сөздері
және мақұлдап, ұнамды деп қабылдағандары.
Құранда наным-сенім таңдауға ерік берілген-
дігін мына аяттардан көруге болады: «Және былай де:
ақиқат Раббың жағында, қалаған адам сенсін, қалаған
24
Діни толеранттылық және әлемдік діндер