Previous Page  21 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 40 Next Page
Page Background

сүю тең қарастырылғанын айтуға да болады. Ислам,

Буддизм, Жайнизм, Даосизм мен Конфуций діндерде-

гідей христиандықта да Құдайға деген махаббат бірін-

ші орынды иеленуде. Кейіннен келетін адамды сүюдегі

бір ерекшелік оны дәл өзіңдей жақсы көру керектігі.

Святитель Ефрем Сирин бұл екеуінің арасындағы

айырмашылықты былай деп мысал етуде: «Құдайға

деген махаббатсыз жақыныңа махаббат көрсету та-

мырсыз өсімдік тәрізді»

30

.

Христиандықта махаббат – Құдайдың маңызды

есімдерінің бірі. Иоанн Богослов өзінің алғашқы

соборлық үндеуінде «Құдай ол – махаббат» деп

екі мәрте қайталаған. Құдай да пенделерін сүйеді.

Иоаннан жеткен Інжілде Христостың иудей

қолбасыларының бірі Никодиммен құпия сөйлесуі

келтіріледі. Осы сөйлесуінде Иса адамзатты Құдай

қатты жақсы көргендіктен өз ұлын солардың арасын-

да барып айқышта азап шегу үшін жібергендігін ай-

тады. Құдайдың ұлы осы арқылы өзіне сенгендерді

құлдықтан, күнәдан және өлімнен құтқармақ. Қасиетті

Григорий Богословтың айтуынша, егер христиан-

дардан нені құрмет тұтып, нені қадірлейтіні сұралса,

олардың «махаббатты» деген жауабы қашанда дайын

31

.

Христиан діні негізге алатын үш ізгілік: сенім, үміт,

махаббат болса, солардың ең маңыздысы махаббат бо-

лып табылады. Өз кезегінде әр адамға сүйіспеншілікпен

қарай білу, қалтқысыз сүю, сүйгендігі үшін өзге ештеңе

дәметпеу, күш көрсететін дөрекі әрекеттерге бармау,

жамандық жасағандарға жақсылық жасау, көмек беру,

қиындықтарға төзімділік, басқалардың қуанышы мен

30

Авдюгин А. О христианской терпимости и либеральной

толерантносит: Что общего?

http://rebrik.blog.top.lg.ua/

O-hristianskoj-terpimosti-i-liberalnoj-tolerantnosti-CHto-

obshhego--22632 Қаралған уақыты: 11.04.2014.

31

Любовь. Дереккөзі:

http://azbyka.ru/dictionary/11/lyubov-all.

shtml Қаралған уақыты: 11.04.2014.

21

Діни толеранттылық және әлемдік діндер