Алайда күнәһар адам оны орындағысы келмеуімен
үнемі Құдайдың әмірлерін бұзады. Бірақ күнәсіне тәуба
ететінболса, ҚұдайӘке оныкешіреді. Ендеше, христиан
сеніміндегілер де Құдай Әкенің кешірімін үлгі тұтып,
өздері де басқаларды кешіре білуі тиіс. Жаңа Өсиеттің
тағы бір жерінде Иса Мәсіх сұлтан мен құл жайын-
да мынандай оқиғаны сөз етеді. Бұл әңгімде сұлтан
мейірімділік танытып құлдың көп қарызын кешіреді.
Ал бұл құл болса өзіндей басқа бір құлдың өзіне де-
ген кішкене қарызын кешірмейді. Бұл оқиғада құлдың
басқаға жаны ашымағандығы мен кешірімсіздігі сынға
алынған. Иса әңгімесінің соңында былай деген: «Бұған
ашуланған сұлтан әлгі құлды қинаушыларға беріп,
бүкіл алдыңғы қарыздарын қайтартады. Осы секілді
менің көктегі Әкем де сендерге осындай қатынас жа-
сайды, егер өздеріңдей күнә істеген өзгелерге кешірім-
мен қарамасаңдар» (Матфейден. 18:34-35.).
Христиандықта жамандыққа жамандық жа-
самау, кектеспеу өсиет етіледі. «Жамандыққа
жеңілме, жамандықты жақсылықпен жеңіңдер»
(Римляндықтарға. 12:21.). «Жамандыққа жамандықпен,
қарғысқа қарғыспен емес, керісінше алғыспен жауап
қатыңдар» (Петр І хат, 1:8-10.).
Адамдардың бір-бірімен тату тіршілік кешуі
Құдайдың қалауы ретінде түсіндіріледі. Өйткені бей-
бітшілік, ізгілік, адамдар арасындағы келісім мен ма-
хаббат қана жауластық пен жеккөрушілікті, талас тар-
тыстар мен басқа жамандықтардың алдын алады. Өзара
түсіністік пен ынтымақтастыққа әрі өзара көмекке де
осы арқылы қол жеткізбек.
Христиандықта қателік жасағандарға кешірім, то-
лерантты қатынас мына оқиғадан да байқалады. Зина
жасады деп айыпталған әйелді халық қоярда қоймай
таспен ұрып жазаламақшы болғанда, Иса Мәсіх оларға
«Бірінші болып тасты араларыңда еш күнә жасамаған
адам лақтырсын» дейді. Сонда барып әркім өзінің де
18
Діни толеранттылық және әлемдік діндер