Previous Page  16 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 40 Next Page
Page Background

болу да өз кезегінде діни төзімділік пен толеранттылық

арқылы жүзеге асатыны шындық. Христиан дінінде

«Басқа адамдар өздеріңмен қандай қатынаста болғанын

қаласаңдар, сендер де оларға сондай қатынас жасаңдар»

деген идея негізге алынады. Бұл өсиеттердің барлығы

христиан дінінің діни партикуляризмге емес діни бірі-

гуге, татулық пен бейбітшілікке бастайтын дін екенін

ұқтыруда.

Ерте дәуір христиан жазушы әрі теолог

Тертуллианның (б.з.160-220) айтуынша, «Төзімділік

иманды күшейтеді, бейбітшілікті қалыпқа келтіреді,

махаббатқа көмектеседі, татуласуды үйретеді, тәубеге

келуді еске салады. Төзімділік кекшілдікті тежейді,

жабайылыққа жол бермейді, күнәны жеңеді, ол әлсізді

қолдайды, күштіні тыңайтады, адалды қуантады,

пұтқа табынушыны сенімге тартады, әйелдер үшін сән,

ерлер үшін атақ. Ол балалық шақта сыпайылық, жас

кезде лайықты құрмет, қартайған уақытта таңғаларлық

қасиет. Оның жүзі сыпайы, байсалды, қабағы қату,

ашу-ызамен түнерген емес жайдары, жылы. Құдай

қайда болса, төзімділік сонда»

25

.

Протоиерей Александр Авдюгин төзімділікке мы-

нандай анықтама ұсынуда: «Төзімділік әркім өзінде

жетілдіре алатын әрі жетілдіруі тиіс қасиет. Ол өзіңнен

басқалардың да ойын құрметтеу. Бұл өзгелердің се-

нен басқаша ойлайтынына, басқаша өмір сүру тәсіліне

деген байыпты түсінік»

26

. Алайда ол төзімділік пен

толеранттылық ұғымдарының бір еместігін білдіріп

мынандай ой айтады: «Толеранттылық зайырлы

25

Попов В. Где Бог там и где терпение. Дереккөзі:

http://

www.istina.info/article.php?a=320&i=22

Қаралған уақыты:

11.04.2014.

26

Авдюгин А. О христианской терпимости и лберальной

толерантносит: Что общего?

http://rebrik.blog.top.lg.ua/

O-hristianskoj-terpimosti-i-liberalnoj-tolerantnosti-CHto-

obshhego--22632

Қаралған уақыты: 11.04.2014.

16

Діни толеранттылық және әлемдік діндер