Previous Page  11 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 40 Next Page
Page Background

деген сөзінен ақтау іздейтін болса, күш көрсетпеу

философиясын жақтайтындар қақтығыс пен соғыс

тұтатуға қайта ешқандай негіз жоқтығын алға тартып,

бейбітшіліктен артық ештеңе жоқ деуде. К. Ясперс

«Күш көрсетпеу мен өзгеше ойлайтындарға толерант-

ты қатынасы Буддизмді әлемдік дін дәрежесіне көтерді,

өйткені ол осы қасиеті арқылы жергілікті сенімдер мен

культтерді өзіне бейімдете білді»

17

.

Буддизмді әлемдік дін дәрежесіне көтерген тағы бір

себеп, оның өзіне дейінгі брахманизмге тән қоғамды

варналар мен касталарға бөлумен келіспеуінде жатыр.

Будда бұл мәселеге анағұрлым кең түсінікпен қарап,

әр адамға жанын нұрландыру үшін оның шыққан тегі

мен әлеуметтік жағдайының қатысы жоқтығын алға

тартты. Өзі түсіндірген адамгершілік ұстанымдар

ғана әркімнің адами келбетін айқындайтынын біл-

дірді. Будда осындай анағұрлым әмбебап, гуманизм

мен төзімділікке негізделген ұстанымдары арқылы

әлеуметтік таптық ерекшеліктерді жоюға тырысты,

бұқара назарын өзіне аударып, соңынан ерте білді.

«Традиционные индийские модели толерант-

ности»

18

атты мақаласында Сергей В. Пахомов Үнді

елінде толеранттылықтың негізгі екі түрі кездес-

кенін айтады. Екеуі мына екі базалық ұстанымға

негізделген: иерархиялық және тазалық. Біріншісі,

этикалық-аскеттік. Екіншісі, әлеуметтік-діни. Бірін-

шісі, қоғамнан оқшауланған көптеген үнді тақуалары

мен пірадарларға, иогиндер мен мистикалық

бақылаушыларға қатысты. Бұлардың толеранттылығы

біріншіден рухани жолдың субъектісі ретінде өзіне

де қатысты, қоғаммен қатынасына да байланы-

17

Сонда.

18

Пахомов В. Сергей. «Традиционные индийские модели

толерантности». /Насилие и толерантность: история,

современность, перспективы. Доклады и выступления. Меж.

Научнопрактический семинар. 20-21 октябрь. 2006. Б. 133.

11

Діни толеранттылық және әлемдік діндер