Previous Page  9 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 40 Next Page
Page Background

орнына қан ағызбайтын құрбандықтарға өту талпыны-

старымен байланысты түсіндіріледі. Антикалық фи-

лософияда күш көрсетпеу туралы анағұрлым беделді

тұжырым стоиктердің этикалық доктринасы болғаны

белгілі. Бұл доктрина «тағдырға бағыныштылық

жағынан барлығы да бірдей құлдар» (Сенека) деген

түсінікке сай барлық адамдарға жанашырлықпен қарау

ұстанымына негізделді. Төзімсіздік не аяусыздық та-

ныту осы құлдықты тереңдете түседі

13

.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын-

да ахимса ұғымын алғаш рет әлеуметтік-саяси іс-

әрекеттің ұстанымы ретінде М.Г. Ганди (1869-1948)

қолданды. Алайда Ганди бұл терминді сәйкес деп

таппай оның орнына сатьяграха (ақиқатта беріктік)

деген ұғымға жүгінді. Өз кезегінде адамзаттың ин-

теллектуалды өмірінің маңызды құбылысы ретінде

күш көрсетпеу идеясын Ресейде Ф. М. Достоевский

(1821-1881), Лев Толстой (1828-1910), А. Д. Сахаров

(1921-1989), Германияда Альберт Швейцер (1875-1965),

АҚШ-та Мартин Лютер Кинг (1929-1968), Генри Дэвид

Торо (1817-1862), Оңтүстік Африкада Альберт Лутули

(1898-1967) да көтерді.

«Күш көрсетпеу дегеніміз – идеологиялық,

этикалық әрі өмірлік ұстаным. Оның негізінде барлық

тірі жандының (адам мен өмірінің де) құндылығын

мойындау жатыр. Сондай-ақ адамның әлеммен,

табиғатпен, басқа адамдармен ықпалдасып, саяси,

экономикалық, адамгершілік тұлғааралық кикілжіңді

мәселелерін қысым арқылы шешуін қабылдамау. Ол

тіршілік иелерінің өзін айқындау қабілетін күшейту

әрі бекіту»

14

.

13

Кемеров В. Ненасилия этика. Философская энциклопедия. -

«Панпринт», 1998.

14

Ситаров В. А. Насилие и ненасилие. Б. 137. Энциклопедия

гуманитарных наук. №1.2005.

9

Діни толеранттылық және әлемдік діндер