сты көрініс береді. Алғашында ол өзі тастап кеткен
дүниелік ортаға, қоғамға бейтараптылық ұстанғанмен,
кейіннен әлі нұрланбаған ол қоғамға аяушылықпен
қарай бастайды. Бұл жерде аскет өзіне төзімділікті
сақтай отырып, әлі ақиқатқа ояна қоймаған қоғамға
да толеранттылық танытуы қажет болады. Екінші
әлеуметтік-діни толеранттылық брахмандардың еңбек
түріне қарай қоғамды түрлі таптарға бөлуімен байланы-
сты. Бұл жерде брахмандардың төзімділігі бұқараның
белгіленген ережелерді қаншалықты ұстанатындығын
қадағалауда туындайды. Егер бұқарадан әлдекім брах-
мандар белгілеген ережені бұзса, брахман оған қырын
қарап төзімсіздік танытуы мүмкін. Ол төзімсіздік әлгі
адамды қоғамдық қатардан қуып жіберуге дейін баруы
кәдік. Бұл екеуінде де толеранттықты ұстану ахимса
мен дхармаға тікелей байланысты.
Ахимса ұғымның аясында адаммен қатар ешбір
тірі жәндікке зиян тигізбеу міндеттелді. Буддистер,
әсіресе жайнистер тірі жәндікті баспау үшін сойылған
малдың етін жеу, балық аулау былай тұрсын, жүргенде
алдын сыпырып, отырмай тұрып орындығын сыпы-
рып, су ішсе сүзіп ішіп, жемістердің де өзі үзіліп жер-
ге түскенін жеуге дейін барғаны мәлім. Рухани тепе-
теңдікті ұстануда олар ауаға тартылған жіптің бойы-
мен жүріп шынығатыны да айтылады
19
. Бұл әрине өмір
сүруді айтарлықтай қиындататын сөзсіз.
«...бұған қол жеткізу өте қиын. Ол үнемі әрбірі іс-
әрекетіңе есеп беріп, рухани тепе-теңдікті ұстап от-
ыруды қажет етеді»
20
.
Буддизм өзіне тән моралдық құндылықтар
жүйесінде махаббат пен шынайылықты, мейірімділік
пен қайырымдылықты, төзімділік пен ұстамдылықты
19
Мякинников С.П., Юрлова А.В. Общие воззрения на
отношения человека к природе в мировозрении традиционной
Индии. Б. 170.
20
Сонда. 170 б.
12
Діни толеранттылық және әлемдік діндер