Previous Page  10 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 40 Next Page
Page Background

Буддизме күш көрсету

химса

, күш көрсетпеу

ахим-

са

, ал саналы түрде зорлық жасау

вихимса

деп атал-

ды. Осы себепті буддизм

авихимсаны

(қасақана зорлық

қылудан бас тарту) жақтауда.

«Пали және санскрит тілдерінде вихимса өте

ауыр сөз болып табылады, мағынасы: қатыгездік.

Қатыгездік пен ызаның айырмашылығы белгілі, бірақ

қатыгездік анағұлым жаман. Өйткені көп жағдайда

қатыгездікте .... біреудің жанын ауыртудан ләззат алу

болуы да мүмкін. Сондықтан махаяна буддизмінде ви-

химса күнәлардың ең ауырына жатады»

15

.

Буддаға тән төзімділік пен күш көрсетпеу

философиясының мәнін оның мына сөздерінен де

аңғаруға болады:

«Әлемде жеккөрушілікті жеккөрушілікпен тоқ-

татуға келмейді, жеккөрушілікті махаббат қана тоқтата

алады»;

«Жеңісжеккөрушілікті тудырады, өйткені жеңілген

адам өзін бақытсыз сезінеді»;

«Соғыста мың адамды жеңуге болар, алайда ең

мықты жеңіскер өзін жеңе білген адам»;

«Адам ашуды жомарттықпен, ал жамандықты

жақсылықпен жеңе білуі тиіс»

16

.

Будданың бұл насихаттарынан жеккөрушілікті

қоздырмауға, қайта махаббатпен тоқтатуға шақыр-

ғанын, жамандық жасаушыларға жақсылықпен жау-

ап қайыру секілді татулық пен өзара сүйіспеншілікке,

ымыраластыққа үндеуді байқаймыз.

Мәселені күшпен шешетіндер көбіне өздеріне

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Александр

Хейгтың «Бейбітшіліктен де басқа маңызды істер бар»

15

Лекция 2. Будда родоначальник философии ненасилия.

Дереккөзі:

http://www.e-reading.ws/chapter.php/1021714/4/

Percev_-_Strannaya_filosofiya_nenasiliya.html

Қаралған

уақыты: 11.04.2014.

16

Сонда.

10

Діни толеранттылық және әлемдік діндер