бұл ұқсастық жүріс-тұрыстың алтын ережесін бекі-
теді
11
.
Жоғарыда аталған карма ұғымы – адамның
өмірдегі жақсылы-жаманды қылықтары жинақталатын
заң немесе қайта туылуына әсер ететіндіктен адамның
өз іс-әрекеттеріне деген этикалық жауапкершілігі.
Реенкарнация заңына сай адамның өмірге осы ке-
луіндегі кармасы дұрыс болса, кейінгі өмірі, тағдыры
соған сай дұрыстала түспек. Мәселен, осы өмірде
мүгедектік тартқан адамға будистер ол өткен өміріндегі
қателіктерінің жазасын тартуда деп қана қарайды.
Сондықтан да кармасын түзеу үшін будистер өздерінің
іс-әрекеттерін қатаң бақылауда ұстауға мәжбүр. Карма
заңы адам тағдырына себепші сыртқы ортадан гөрі өзі
немесе іштейгі әлемі екенін алға шығарады. Сондықтан
да тірі жандының ешбіріне, қоршаған ортаға да зиян
тигізбеу өз кезегінде оларға позитивті мотивация беріп,
толерантты болуын қамтамасыз етеді. Бұдан буддиз-
мдегі толеранттыққа карма ұғымының да айтарлықтай
әсер еткенін байқаймыз.
«Буддистер адам тағдырын Құдай белгілейтінін
мойындамайды. Олар әр адамның тағдыры өз қолында,
өзінің күш-жігері мен талпынысына байланысты деп
қарайды. Өз-өзімен үздіксіз жұмыс істеу арқылы, сағат
сайын жанын еңбектенуге күштеумен буддист өзінің
ақыл-есін «молайтып», дүниетанымын кеңейтеді»
12
.
Буддизмде нирванаға жету үшін міндетті нормалар
қатарында есептелетін ахимса ұғымының шығуы тари-
хы ведалық брахмандар тәжірибесіндегі жануарлардың
қанын ағызып құрбан ету дәстүрін қабылдамау, оның
11
Ахимса / Онлайн Энциклопедия Кругосвет // http://www.
krugosvet.ru/enc/gumanitarnye_nauki/filosofiya/AHIMSA.htmlҚаралған уақыты: 11.04.2014.
12
Мякинников С.П., Юрлова А.В. Общие воззрения на отно-
шения человека к природе в мировозрении традиционной
Индии. Б. 170.
8
Діни толеранттылық және әлемдік діндер