Previous Page  14 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 40 Next Page
Page Background

«Буддизм концепциясындағы күш көрсетпеу

этикасының мәні: бір нәрсені өзгерту емес, өмір

тола қайғыны еселемеуде, күш көрсетуге, қысымға,

мәжбүрлеуге жеке түрде қатыспауда»

23

.

Буддизмде «бодхисатва» ұғымы да бар. Ол

«сәулеленуге ұмтылған тіршілік иелері» деген

мағынаны білдіреді. Бұндай адам басқалардың

жақсылығы үшін будда болып, бүкіл тіршілік иелерін

үздіксіз өмірге келу сансара тізбегіненшығарып, қасірет

шегуден құтқаруға өз-өзіне серт қабылдайды. Маха-

яна буддизмінде болса, өзі сәулеленгендіктен нирва-

надан ерікті түрде бас тартып, басқаларды құтқаруды

мақсат еткендер айтылады. Бодхисатвадан мына алты

рухани кемелдікке (парамит) қол жеткізу талап етіледі:

жомарттық, адамгершілік мінез, төзімділік, азаматтық,

пайымдау қабілеті және даналық.

Буддизмдегі осындай ізгілікті ұстанымдарға сай

бүгінде Үндістанда түрлі діндер бейбітқатар өмір

сүруде. 2012 жылы Далай-лама 14 әлемдегі буддистер-

ді Үндістанға шақырып ел алдында сөйлеген сөзінде,

ондағы дінаралық үйлесімдік пен діни төзімділікті

көрсеткісі келетінін айтып былай деген болатын:

«Үндістанда дүниеге келген сәби өзін өзге діндер-

ге кеңдік жасалған ортада екенін сезеді. Сондықтан

да оның бойында табиғи түрде өзге дін өкілдеріне

деген құрмет қалыптасады.. Үндістанда бірнеше

мыңжылдықтан бері қалыптасқан діни төзімділік

қазіргі әлем үшін өте өзекті. Өйткені қазіргі әлемде

туындап жатқан мәселелердің бір қыры діндердің

әртүрлілігіне де қатысты. Осымен қатар әлемдік

ірі діндер бір ғана нәрсені уағыздауда: махаббат,

төзімділік, кешіре білу, азға қанағат. Біз көптүрлілікті

осы ұғымдарды насихаттауға пайдалана аламыз»

24

.

23

Ситаров В. А. Насилие и ненасилие. Б. 138. Энциклопедия

гуманитарных наук. №1.2005.

24

Жиронкина Ю. Далай-лама призвал паломников из

14

Діни толеранттылық және әлемдік діндер