Previous Page  4 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 40 Next Page
Page Background

нен Оңтүстік, Оңтүстік шығыс және Шығыс Азияға

(Қытай, Жапония, Корея, Маңғолия, Неапал, Шри-

лянка, Тайланд пен Тибет т.б.) тараған. Құрушысы

– Сидхартха Гаутама. Буддологтар арасында өз ер-

кімен сән- салтанаттан бас тартып, көп жылдан соң

ақиқатқа жетіп, нұрланып «Будда» атанған Сидхартха

Гаутаманың өмір сүрген уақыты әлі де нақты білінбе-

уде. Көне үнді мифологиясы мен философиясы жайлы

оқулықтың авторы Радхакришнан «Будда б.з.д. 567

жылытуылған»

2

депнақтынүкте қоюға тырысқанымен,

будда дәстүрінің өзінде оның өлген мерзімі б.з.д. 544

және б.з.д. 486 ретінде екі түрлі қабылдануда. Әзірге

ғалымдардың тоқталған тұсы мынау: Будда Александр

Македонскийдің Үндістанға жасаған жорықтарына

дейінгі мерзімде, яғни б.з.д. IV ғасырдың 20 жылдары-

на дейін өмір сүрген. Бұл жайлы Е.А. Торчинов былай

деуде: «Қалыптасқан дәстүр бойынша Будданың 80

жыл өмір сүргені анық. Егер біз Будда Сократпен за-

мандас болған десек қателесе қоймаспыз»

3

.

Буддизм төрт ізгілікті ақиқат пен құтқарылудың

сегіз сатылы жолы арқылы моралдық ережелерді

қалыптастырып, қоғамның барлық саласын қамтуға

тырысуда. Осы негізде адамға өзін жетілдіруге, санса-

ра тізбегінен құтылып, нирванаға жету мақсат етіледі.

Әлемдік діндердің қатарында Буддизм де

өз ұстанушыларын мейірімге, жанашырлыққа,

төзімділікке шақыруымен ерекшеленеді. Будданың

өнегелілік ұстанымдарынан адамгершілік пен гума-

низмге, қарапайымдылық пен төзімділікке үндегенін

аңғару қиын емес. Айталық, онда қарапайым халықтан

мынандай бес түрлі қағиданы ұстану талап етіледі:

2

Лекция 2. Будда родоначальник философии ненасилия.

Дереккөзі:

http://www.e-reading.ws/chapter.php/1021714/4/

Percev_-_Strannaya_filosofiya_nenasiliya.html

Қаралған

уақыты: 11.04.2014.

3

Сонда.

4

Діни толеранттылық және әлемдік діндер