Previous Page  23 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 40 Next Page
Page Background

«Жамандыққа жамандық жасамаңдар. Барлық

адам үшін жақсылық болып табылатын істерді істеуге

тырысыңдар. Қолдарыңнан келгенше мүмкіндігінше

барлық адамдармен бейбітшілікте өмір сүріңдер.

Сүйікті бауырлар, ешкімнен өш алмаңдар, оны Тәңірдің

азабына қалдырыңдар. Өйткені былай деп жазылған:

«Рабб деуде: «Өш менікі, мен қайтарым жасаймын».

Бірақ «Дұшпаның аш болса, тойғыз, шөлдесе су бер.

Осыны істеу арқылы оны ұялтасың». Жамандыққа

жеңілме, жамандықты жақсылықпен жең»» (Римдік-

терге хат, 12:17-21.).

Мысырлық ғалым, әдебиетші әрі ойшыл Ка-

мил Хүсейін христиандықтың мазмұнын былай деп

түсіндірген:

«Ішкі мазмұнына терең ой жіберсек, Христиандық

– жақсылық жасауға, Құдай сүйген адамдардың

барлығын сүюге шақыруда. Ол Құдай ешкімді алала-

мастан сүйгендіктен, адамдарға зиян тигізетін барлық

нәрселерден алыс тұруға шақырған Құдайға деген

махаббат...»

32

;

«Құдайдан қорқуда адамдардың барлығы да

Мұсаның шәкірті, Құдайды сүюде Исаның шәкірті,

Жұмақтан үміт етуде Мұхаммедтің шәкірті»

33

.

Қорыта

келгенде,

Христиан

дініндегі

Құдайға деген махаббат, адамға деген махаббат,

адамдардың барлығына деген құрмет, бейбітшілік-

те болу, мейірімділік, жамандыққа жақсылық жасау,

кешірімділік ұғымдары ондағы толеранттылықты

айқындайтынын айтуға болады. Иса Мәсіхтің

төзімділігін өзіне үлгі тұтқан христиан сенушісі

төзімділік қасиеті арқылы өзінің кемшіліктерімен

күресіп, маңайындағы жамандықтарды да сол арқылы

32

Hristiyanlığın merkezi. Дереккөзі:

http://www.islamacevaplar

.

com/html/hristiyanlydyn_merkezi.html Қаралған уақыты:

11.04.2014.

33

Сонда.

23

Діни толеранттылық және әлемдік діндер