адам сенбесін» (18:29); «Өз діндерің өздеріңe, менің
дінім маған» («Кафирун» сүресі, 109/6.); «Дінде қинау
жоқ» («Бақара» сүресі, 2/256).
Ислам сенімі көптүрлілікке ашық. Бұл олардың
бір-бірін тануына, араластығына, дүниетанымдық әрі
мәдени ықпалдастығына жол ашуда. Құрандағы «Әй,
адамдар! Анығында біз сендерді бір ер, бір әйелден
жараттық. Бір-бірлеріңмен танысу үшін сендерді
ұлттар мен қауымдарға бөлдік» («Маида» сүресі, 5:48)
деген аят Исламның көптүрлілікке о бастан дұрыс
қарайтынын, ар-ұждан бостандығын қолдайтынын
білдіріп, діни плюрализм мен төзімділіктің Құрандағы
негіздерін айқындауда
34
.
Мына аятта да бұл ой ашық айтылған.
«...Біз әрбірің үшін бір-бір шариғат пен жол бел-
гіледік. Егер Аллаһ қаласа, сендерді бір-ақ үмбет
қылар еді»
(«Юнус» сүресі. 10:99.).
Бұл өзгешеліктердің себебі екі түрлі түсіндірілген:
біріншісі адамдардың бір-бірін тануы, екіншісі
Жаратушының пенделерін сынауы.
«Аллаһтың қалауы плюралистік бағытта өрбіп
отыр. Адамдар түрлі мәдениеттер, түрлі тілдер, әдет-
ғұрыптар ішінде бір-бірінен игілік іздеуі қажет»
35
.
Құранда Жаратушы иенің адамзатты қаласа бір
сенімде, бір дінде, бір ұлт етіп жарата алатыны, тіпті
бәрін иманға келтіруге құдіреті жететіні, алайда діни
сенімді таңдауды адамдардың өз еркіне қалдырғанын
анық байқауға болады:
34
Гүнай Ү. «Анадолынун тарихинде чоғулжулук ве хошгөру»,
Ердем Ататүрк күлтүр меркези дергиси (Түрклерде хошгөру
өзел сайы І), б. 8, №22, Түрк тарих куруму басым еви, Анкара,
Ожак, 1996, 192 б.
35
Айдын М. «Түрк топлумунда дини хошгөрүнүн темеллери»,
Селчук университеси, Илахият факультеси, дергиси, 8 б.
Кония, 1999, Б.11.
25
Діни толеранттылық және әлемдік діндер