қызметке де араласып отырды. Өзге дін өкілдерімен
бұндай қарым-қатынас исламдағы кеңпейілділік пен
толеранттылықтың негізін көрсетеді. Сондықтан діни
тағаттылықтың әрі теориялық, әрі практикалық негізін
ислам өркениеті қалағанын толық айтуға болады»
44
.
Мұсылман қоғамында зыммилардың құқы ере-
кше қорғалғанын Мұхаммед пайғамбардың мына
өсиеттерінен көреміз:
«Кімде кім бір зыммиға күш көрсетсе, не оны ша-
масынан тыс іске мәжбүрлесе, немесе ақысын шектесе,
немесе қарсылығына қарамай бір затын тартып алса,
ол адамның дұшпаны менмін. Қиямет күні онымен жа-
уласатын боламын»;
«Кімде кім бір зыммиға жапа шектірсе, оның
дұшпаны менмін. Кіммен дұшпан болған болсам
Қиямет күні онымен жауласатын боламын»
45
.
Осындай кеңпейілділіктің арқасында өзге сенім
өкілдері діни қысымға не ассимиляцияға ұшырамай,
әрдайым өздеріне тән ерекшеліктері мен мәдениеттерін
сақтай білді. Мұсылмандармен қатар білім алып, діни
оқуларында өздерінің діни ұйымдарына қажетті ма-
мандар да даярлай білді. Ортағасырлар бойы иудей,
христиан және зороастр сеніміндегілер өздерін басқару
және жекелеген сот ісін жүргізу құқына ие болды. Араб
халифатында немесе басқа да мұсылман елдерінде иу-
дей, христиан және зороастр жетекшілері әкімшілік
қызметтер атқарды. Иудейлерде рейш галута, яғни
қуғындағы иудей қоғамы басшысы халиф ретінде
өзінің тұғырын иеленді, оны мұсылмандар «біздің
мырзамыз, Дәуіттің ұлы» деп атады. Несториан като-
44
Затов. Қ. Бағашаров Қ. «Толеранттылық ұғымы турасында»
// «Влияние религии на современный мир». Халықаралық
ғылыми- практикалық конференция жинағы. ИФПР КНМОН
Алматы 2013. 172-179 Б.
45
Стецкевич М. С. Религиозная толерантность и нетерпимость в
истории Европейской культуры. Санкт-Петербург. 2013. 380 б.
30
Діни толеранттылық және әлемдік діндер