Previous Page  35 / 40 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 40 Next Page
Page Background

номияда болды. Яғни, діни, заңшығарушылық билік,

атқарушылық билік, кәсіпкерлік, мәдениет, күнделікті

өмір тәртібі әр топтың өз еркінде және өзінің

қалыптастырған құқықтық және мәдени стандарттар

шеңберінде жүзеге асты

55

.

Келісімнің баптарына келсек, Ибн Хишам мен Әбу

Үбәйдтің еңбектерінде бүтін мәтін ретінде кездескен

келісімді неміс шығыстанушысы Ю. Велльгаузен 47

бапқа бөліп көрсеткен. Кейіннен Үндістандық ғалым

М. Хамидуллаһ кей баптарды өз ішінде бөліп, баптар

санын 52-ге шығарған. Хадис кітаптарында келісімнің

мұсылмандарға қатысты алғашқы 23 бабы Әнас

ибн Маликтың үйінде, ал мұсылмандардың иудей,

мүшріктермен ендігі қарым-қатынасына қатысты 24-

47 баптары Бинт Харистың шаңырағында өзара ортақ

мәміле құра отырып келісілген.

Келісімнің 25 бабында «Иудейлердің дінін өздеріне,

мүминдердің діні өзіне» делінді. Бұл бап Мәдинада

тұрғындары үшін сенім бостандығын қамтамасыз

етті. Ендігі жерде бәрі бірге өмір сүре отырып өз ере-

кшелігін сақтауы, иудейлер өз дінін, мұсылмандар өз

дінін ұстанатыны айқындалды

56

.

А. Булачтың пікірінше, «Мәдине келісімі тікелей

диалог үлгісі әрі бейбіт қатар өмір сүрудің дәлелі»

57

.

Келісімнің тағы бір маңызды тұсы, саяси бірлік

қалыптасты. Бұл 2 және 25 бапта «үмбет» деген сөзбен

берілді. Үмбеттің бұл түсінігіне мұсылман, иудей және

мүшріктер кіре отырып, саяси бірлік құрылды. Бұл

діни, мәдени, әрі құқықтық автономия негізінде ұлт,

тіл, діни не этникалық айырмашылыққа қарамайтын

55

Диалоғун дини ве тарихи темеллери, Ышык йайынлары,

2006. Б. 97. 216 Б.

56

Хамидуллаһ М. «Хазірет Пейгамбер ғайру мүслимлере насыл

давранды?», (ауд. Суфи Сәйф) Илим ве санат, т. 2. №7. 1986. Б. 14.

57

Булач А. Медине весикасы. «Йени умит» журналы. № 68.

Nisan - Mayıs - Haziran 2005

35

Діни толеранттылық және әлемдік діндер